2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.
Қосшы қаласының тұрғындары өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін арнайыSailau_Aqmo_botTelegram-боты арқылы тексере алады.
Интернет арқылы тексеру мүмкіндігі болмаған жағдайда,
8 (717) 2 607 888,8 775 189 89 23.нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады. Ақпарат алу үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) айту қажет. Мамандар сіздің қай сайлау учаскесіне тіркелгеніңізді де түсіндіріп береді.
Еске саламыз, дауыс беру күні 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары белсенді сайлау құқығына ие.

Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







