Шарап ішіп, рөлге отырған: Қосшыда мас жүргізуші 15 күнге қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

    Ақмола облысында полицейлер мас күйінде көлікті басқару фактілерін анықтауды және жолын кесуді жалғастыруда. "Жеңіл" алкогольді ішкеннен немесе бірнеше сағаттық демалыстан кейін көлік жүргізу қауіпсіз деген жалпы қате түсінік жол қозғалысының барлық қатысушыларына қауіп төндіреді.
    Тағы бір фактіні Қосшы қаласындағы патрульдік полицейлер анықтады. Таңертеңгі сағат төрт шамасында инспекторлар қызмет көрсету барысында 38 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Chevrolet Cobalt көлігін тоқтатты.
    Тексеру кезінде жүргізушінің мас күйінде екендігі анықталды. Бұл медициналық куәландырумен расталды.
    Ер адам күндіз мартини шарабын ішіп, кейін ұйықтап алған айтып түсіндірді, сондықтан алкоголь оның жағдайына әсер етпейді деп сенген.
    Сот шешімі бойынша бұзушыға 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.
    Полицейлер еске салады: бірнеше сағат ұйықтағаннан кейін де алкоголь денеде қалып, реакцияға, зейінге және жол жағдайын бағалау қабілетіне әсер етуі мүмкін. Алкогольдің түрі мен мөлшері, сондай-ақ субъективті байсалдылық сезімі көлік жүргізу қауіпсіздігіне кепілдік бермейді. Егер алкоголь ішкен болсаңыз, көлік жүргізбеңіз, таксиді пайдаланыңыз немесе сау жүргізушіні сұраңыз. Мұндай шешім үшін жауапкершілік тек жүргізуші куәлігінен айырумен ғана емес, сонымен бірге адам өмірімен де өлшенуі мүмкін.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Полиция департаменті" жаңалықтары