Тбилиси, 2026 жылғы 2 қараша – Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Талғат Адуов Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) Президенті Тимур Турловпен кездесті.
Сұхбат барысында Қазақстан мен Грузия арасындағы шахмат саласындағы ынтымақтастық перспективалары, соның ішінде ФИДЕ аясында халықаралық турнирлер өткізу және балалар мен жастар арасында осы спорт түрін кеңінен насихаттауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Белгілі болғандай, Тимур Турлов 2026 жылғы 26 қыркүйекте Самарқандта өткен ұйымның Бас ассамблеясында Грузия шахмат федерациясының белсенді қолдауымен ФИДЕ Президенті болып сайланды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









