Грузияға сапары аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Ренат Бектұров Грузияның Қаржы министрі Лаша Хуцишвилимен, Экономика және орнықты даму министрінің орынбасары Генади Арвеладземен және Ұлттық банкінің Президенті Натия Турнавамен кездесулер өткізді. Кездесулер Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Келіссөздер барысында екі ел арасындағы қаржылық-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен жобаларды іске асыру және іскерлік байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды. Өзара тиімді әріптестікті дамыту және инвестициялар тарту үшін АХҚО алаңын пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.
Грузия Ұлттық банкінің басшылығымен кездесуде қаржы нарықтары арасындағы өзара іс-қимыл перспективаларына ерекше назар аударылды. Осы орайда 2026 жылғы қыркүйекте АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) мен Грузия Ұлттық банкі арасында қол қойылған қаржылық қызметтер саласындағы өзара қол жеткізу және тану мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумның маңызы атап өтілді.
Тараптар диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын одан әрі пысықтауға мүдделілік білдірді.









