Қазақстан мен Грузия ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

    1 / 5

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Грузия Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Хвтисиашвилимен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін білдірді.

    Саяси диалогты жандандыру, сауда-экономикалық және көлік-транзиттік байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту және өңірлік өзара байланысты нығайту жөніндегі бірлескен жұмыстың маңызын атап өтті.

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің «Орталық Азия – Грузия» форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысу мақсатында Грузияға жоспарланған сапары талқыланды. Сұхбаттасушылар алдағы іс-шараның күн тәртібі бойынша пікір алмасып, оның өңірлік ынтымақтастық пен көпжақты диалогты дамытудағы маңызын атап өтті.

    Кездесу соңында Ермұхамбет Қоныспаев кездесуге қатысқан Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Леван Диасамидзеге «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалін салтанатты түрде табыстады. Бұл рәсім Қазақстан мен Грузия арасындағы достық байланыстар мен өзара құрметтің айқын көрінісі болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі" жаңалықтары