МЕДИЦИНАЛЫҚ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    1 / 3

    Алматыда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитеті Директоратының отырысы өтті.
    Директорат жұмысына Қарағанды облысы бойынша Медициналық бақылау комитетінің департамент басшысы О. Смирнова қатысты.
    Отырыста 2026 жылдың 9 айындағы бақылау және қадағалау қызметінің қорытындылары ұсынылды, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің өзекті мәселелері қаралды және аумақтық бөлімшелердің одан әрі міндеттері айқындалды.
    Тексерулердің нәтижелілігіне, профилактикалық бақылауға, азаматтардың өтініштерін қарауға, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін және тәуелсіз сараптама комиссияларының қызметін сақтандыруға ерекше назар аударылды.
    Медициналық бақылау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері қызметінің басым бағыттары айқындалды:
    - пациенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
    - медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету
    - профилактикалық бақылауды дамыту және медициналық тәуекелдердің алдын алу
    — тексерулердің нәтижелілігін арттыру және анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау
    - азаматтардың өтініштерін қараудың толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету
    - медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін және тәуелсіз сараптама комиссияларының қызметін сақтандыру тетіктерін жетілдіру
    - бақылау және қадағалау қызметінде цифрлық құралдарды және деректерді талдауды қолдану
    Қарағанды облысы бойынша департаменті өңірдің денсаулық сақтау басқармасымен және медициналық ұйымдарымен өзара іс-қимылда белгіленген міндеттерді іске асыру бойынша жұмысты жалғастырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі медициналық бақылау Комитетінің Қарағанды обласы бойынша Департаменті» РММ" жаңалықтары