Қазақстан Елшісі Air Astana компаниясының Грузиядағы қызметімен танысты

    Тбилиси, 2 қараша – Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Талғат Адуов Air Astana әуе компаниясының Тбилисидегі кеңсесіне барып, оның Грузиядағы қызметімен танысты.

    Кездесу барысында Air Astana компаниясының Кавказ бойынша өңірлік менеджері Қарлығаш Өмірбаева компанияның 2027 жылы Грузия бағытын дамыту жоспарларын таныстырды. Тараптар ынтымақтастық перспективаларын, соның ішінде Қазақстан мен Грузия арасындағы әуе қатынасын кеңейту және көлік байланыстарын нығайту мәселелерін талқылады.

    Грузия қазақстандық туристер үшін басым бағыттардың бірі болып қала береді: 2025 жылы елге 169 мыңнан астам қазақстандық барған. Тікелей әуе рейстері туризмді дамытуға, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және гуманитарлық қатынастарды нығайтуға ықпал етіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға негіз қалайды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі" жаңалықтары