Грузияда Дипломат күні атап өтілді

    Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Талғат Адуов Грузияның Дипломат күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

    Іс-шараға Грузияның жоғары басшылығы, Парламент депутаттары және елде аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Жиында Грузия Президенті Михаил Кавелашвили, Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе, Парламент Төрағасы Шалва Папуашвили және Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мака Бочоришвили сөз сөйлеп, дипломатиялық қызметтің ұлттық мүдделерді қорғаудағы, халықаралық байланыстарды нығайтудағы және елдің бейбіт дамуын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ дипломаттардың кәсіби әлеуетін арттыру мен жас мамандарды даярлау мәселелеріне назар аударылды.

    Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі грузин әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтап, өз елінің игілігі жолындағы жауапты қызметіне және мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайту ісіне табыс тілейді.

    Грузияның Дипломат күні жыл сайын 3 қарашада атап өтіледі. Бұл күн көрнекті грузин жазушысы, ойшылы әрі дипломаты Сулхан-Саба Орбелианидің туған күніне орай белгіленген.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі" жаңалықтары