Білімі
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті, мамандығы – «Қалалық кадастр» мамандығы (2006 ж.)
Торайғыров университеті, мамандығы – «Сәулет» (2023 ж.).
Еңбек жолы
Еңбек жолын 2005 жылы «Астанагорархитектура» ЖШС Топогеодезия бөлімінің техник-геодезисті қызметінен бастады;
2006 жылы «Астанақалажер ГӨО» ЕМҚ-да техник болып қызмет атқарды;
2007 жылы мемлекеттік қызметке кірісіп, «Астана қаласы Жер қатынастары басқармасы» ММ жер кадастры бөлімінде бас маман, кейін бөлім бастығы болды;
2013 жылы «Астана қаласы Жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды;
2016-2019 жылдары «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы болды;
Одан кейінгі жылдары жеке ұйымдарда еңбек жолын жалғастырды;
2023 жылы «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысың орынбасары болып тағайындалып, кейін 2026 жылға дейін осы Басқарманың басшысы қызметін атқарды.
Марапаттар
«Ерен еңбегі үшін» медалі (2007 ж.)
«Құрметті жерге орналастырушы» төс белгісі (2025 ж.)
«Құрмет» ордені (2026 ж.)
«Құрметті сәулетші» төс белгісі (2026 ж.)
Отбасы
Үйленген, төрт баласы бар.









