Басқарма басшысы Руслан Жақыпов азаматтарды жеке қабылдады.

    1 / 6

    Жеке қабылдау барысында тұрғын үйді реконструкциялау, пәтерді үй-жайдың функционалдық мақсатын өзгерте отырып қайта жабдықтау, жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту, сондай-ақ жер учаскесін жеке меншікке сатып алу сұрақтары қарастырылды.

    Басқарма басшысы пәтерді тұрғын емес үй-жайға реконструкциялау мемлекеттік қызметке құжаттарды тапсыру тәртібін түсіндірді. Руслан Жақыпов алдымен техникалық жобаны әзірлеу қажеттігін атап өтті.

    Сонымен қатар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту рәсімі түсіндірілді. Жалға алу мерзімі аяқталған жағдайда, жер учаскесін ресімдеу Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (ЕГКН) арқылы жүзеге асырылады. Бұл мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 30 жұмыс күні.

    Сұрақтардың бірі тұрғын үйдің ортақ пайдаланылатын үй-жайын пайдалану мәселесіне қатысты болды. Басқарма басшысы дәліз кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кіретінін жеткізді.

    Басқарма басшысының қабылдауына алдын ала 55-69-57 телефоны арқылы жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін жазылуға болады. Қабылдау әр бейсенбі күні сағат 14:00-де өткізіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ" жаңалықтары