«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» КОНКУРСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Байқауға 13 педагог өтінім беріп, оның 12-сі қатысты. Қатысушылар белгіленген талаптарға сәйкес құжаттарын ұсынып, өздерінің кәсіби шеберліктері мен шығармашылық әлеуеттерін көрсетті. Педагогтердің жұмыстары бекітілген бағалау талаптарына сәйкес сараланды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
Бас жүлде – №2 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мұғалімі Романқызы Аида.
I орын – Жолтаптық негізгі жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрмұхамбет Сетергүл.
II орын – №1 жалпы орта білім беру мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Танарбергенов А.Ж.;
II орын – Еңбекші негізгі жалпы білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бүлекбаева М.А.
III орын – Т.П. Праслов атындағы Прииртышск жалпы орта білім беру мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Романова А.И.;
III орын – Моисеевка негізгі жалпы білім беру мектебінің география пәнінің мұғалімі Асаин С.Р.
Бас жүлде , I және II орын иегерлері аудан намысын облыстық кезеңде қорғайтын болады.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Педагогтерге шығармашылық табыс, кәсіби жетістік және облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!









