Заңды білу -жаупкершіліқтің бастауыі

    1 / 4

    Железин ауданында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында 8–11 сынып оқушылары арасында «Заң және мен» тақырыбында құқықтық квест ұйымдастырылды. Танымдық іс-шараға аудан мектептерінің командалары қатысып, өзара білім мен біліктіліктерін сынады.

    Квесттің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру, құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсіндіру, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу. Сонымен қатар іс-шара өскелең ұрпақты жауапкершілігі жоғары, заң талаптарын құрметтейтін азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталды.

    Квест барысында қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындап, құқықтық білімдерін ортаға салды. Олар логикалық ойлау, топпен бірлесе жұмыс істеу, өз пікірін дәлелдеу және құқықтық жағдаяттардан дұрыс шешім табу дағдыларын көрсетті. Командалық жұмыс оқушылардың белсенділігін арттырып, заң нормаларын күнделікті өмірде қолданудың маңызын ұғынуға мүмкіндік берді.

    Мұндай танымдық шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді. Өйткені заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың негізі болса, оны құрметтеу – қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықтың кепілі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы білім беру басқармасының «Железин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары