«Ел тарихы – ту тарихы» облыстық сайысында Железин ауданының командасы – БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ!
Тарихын таныған ұрпақ – ел болашағының берік тірегі!
Облыстық деңгейде ұйымдастырылған «Ел тарихы – ту тарихы» зияткерлік сайысында Железин ауданының намысын қорғаған «Тиграхауда» оқушылар командасы жоғары нәтиже көрсетіп, Бас жүлдені иеленді!
Бұл жеңіс – оқушылардың терең білімі мен ізденісінің, табандылығы мен бірлігінің, туған елінің тарихына деген құрметінің айқын көрінісі.
Жас ұрпақтың бойында ұлттық рухты қалыптастырып, тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған осындай сайыстардың маңызы зор. Білімді де намысты жастарымыздың аудан мерейін үстем етіп, биік белесті бағындыруы – баршамыз үшін үлкен қуаныш!
Жеңісті күндеріміз көп болсын!
«Тиграхауда» командасын, жетекшілерін және шәкірттерінің жетістігіне үлес қосқан ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да алар асуларыңыз биік, жеңістеріңіз жарқын болсын!
Железин ауданының мерейі үстем болсын!








