зақстан Республикасының әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізілді.
Профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты – арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларға қауіпсіз әрі қолайлы жағдайлардың жасалуын қамтамасыз ету.
Бақылау барысында орталықтың қызметін ұйымдастыру, арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарға сәйкес көрсетілуі, қызмет алушыларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық және басқа да қызмет түрлерінің ұсынылуы зерделенді.
Сонымен қатар, қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып жасалған жеке жұмыс жоспарларының орындалуына, тиісті құжаттамалардың жүргізілуіне, мамандармен қамтамасыз етілуіне және көрсетілетін қызметтердің сапасына ерекше назар аударылды.
Бұдан бөлек, орталық ғимаратының мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі, кедергісіз орта қалыптастыру талаптарының сақталуы, санитариялық-гигиеналық жағдайлар мен қызмет алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Профилактикалық бақылау нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылдау және оларды жою жөнінде ұсынымдар беру мәселелері қарастырылды.








