Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

    Департамент туралы

    «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) өз құзыреті шегінде әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

    Департаменттің міндеттері:

    1) өз құзыреті шегінде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, мүгедектігі бар адамдарды, жаппай саяси қуғын-сүргіндер салдарынан зардап шеккен азаматтарды, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды, Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

    2) өз құзыреті шегінде зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2026 жылдың қыркүйек айына зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бағыты бойынша қызметтерінің көрсеткіштері

    1. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру 1.1. Халық саны 694 600 адам 1.2. Төлем алушылар Санаттар: - зейнеткерлер - 104 436 адам; - мүгедектігі бойынша жәрдемақы - 18 018 адам; - асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы - 5 637 адам; - № 1,2 тізім - 0 адам; - АМЖ - 6 679 адам; - экологиялық үстеме 0 адам; - 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы - 3 751 адам; - 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға күтім жасау бойынша жәрдемақы – 3 723 адам; - 1 топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасау бойынша жәрдемақы - 2 969 адам; - көпбалалы аналар - 6 374 адам; - көпбалалы отбасылар - 13 407 адам. 1.3. Істерді қарау Барлығы: _8 659_, 2025 жылмен салыстырғанда _5,6_%-ға азайды; Жаңа тағайындаулар: - 3 862 (2025 жылдың кезеңімен салыстырғанда 5,2 %-ға көбейді. Төлемдердін жекелеген тұрлеріне құқықтардың улғаюна байланысты) Қайта қараулар: - 4 704 (2025 жылдың кезеңімен салыстырғанда 8,7 %-ға азайды. Кейбір төлемдер автожалғастыруға көшуіне байланысты) Бас тарту: - 93 (2025 жылдың кезеңімен салыстырғанда 272 %-ға азайды)

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Көпбалалы отбасына берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы

    Мемлекет төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларды әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды көздейді. Осындай шаралардың бірі – отбасының табысына қарамастан төленетін көпбалалы отбасына берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы. Аталған жәрдемақыны тағайындаудың құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген. Жәрдемақы алуға кімнің құқығы бар? Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 90-бабына сәйкес, бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасылардың жәрдемақы алуға құқығы бар. Бұл ретте жәрдемақы тағайындау кезінде есепке алынатын балалардың қатарына 18 жасқа толған, бірақ тиісті білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанында оқуын жалғастырып жатқан балалар да енгізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда жәрдемақы оқу аяқталғанға дейін, бірақ бала 23 жасқа толғаннан аспайтын мерзімге төленуі мүмкін. Осылайша, баланың 18 жасқа толуы отбасының жәрдемақы алу құқығының әрдайым тоқтатылуын білдірмейді. Егер бала күндізгі оқу нысанында оқуын жалғастырса және заңнамада көзделген талаптар сақталса, ол көпбалалы отбасының құрамын айқындау кезінде есепке алына береді. 2026 жылы жәрдемақы мөлшері қандай? Жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалардың санына байланысты және айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) айқындалады. 2026 жылы жәрдемақы мөлшері Отбасындағы балалар саны Коэффициент Сомасы 4 бала 16,03 69 330 теңге 5 бала 20,04 86 673 теңге 6 бала 24,05 104 017 теңге 7бала 28,06 121 360 теңге 8 және одан да көп бала әр балаға 4 АЕК 32 138 400 теңге 2026 жылы 1 АЕК мөлшері 4 325 теңгені құрайды. Жәрдемақы мөлшері Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 91-бабында белгіленген және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін АЕК мөлшері өзгерген жағдайда өзгертілуге жатады. Мысалы, бірге тұратын төрт кәмелетке толмаған баласы бар отбасына 2026 жылы ай сайын 69 330 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Егер отбасында сегіз бала болса, жәрдемақы мөлшері әр балаға 4 АЕК есебінде белгіленеді, яғни айына 138 400 теңгені құрайды. Балалар саны өзгерген жағдайда не болады? Жәрдемақы мөлшері оны алу кезеңінің барлығында өзгеріссіз қалмайды. Егер отбасының құрамы өзгерсе – мысалы, бала жәрдемақы тағайындау кезінде есепке алынбайтын жасқа толса немесе, керісінше, оқуын жалғастырып жатқан баланы есепке алуға құқық пайда болса, жәрдемақы мөлшері тиісті түрде қайта есептеледі. Сондықтан жәрдемақы алушылар төлем алу құқығына немесе оның мөлшеріне әсер етуі мүмкін мән-жайлар туралы уақтылы хабарлауы маңызды. Жәрдемақыны қалай рәсімдеуге болады? Көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау үшін өтініш беруге қандай да бір мерзіммен шектеу қойылмайды. Жәрдемақыны электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер арқылы да тағайындауға болады. Өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беруге, сондай-ақ заңнамада көзделген проактивті тәсілмен қызмет көрсету және екінші деңгейдегі банктердің цифрлық сервистері арқылы жүгінуге болады. Электрондық түрде өтініш берген кезде қажетті мәліметтердің едәуір бөлігі, атап айтқанда, балалар, тіркеу, неке және банктік шот туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін. Ата-аналар нені ескеруі қажет? Жәрдемақы алу құқығын сақтау үшін отбасы құрамы мен балалар туралы мәліметтердің өзекті әрі дұрыс болуы маңызды. 18 жастан асқан, оқуын жалғастырып жатқан балаларға ерекше назар аудару қажет. Мұндай баланы одан әрі есепке алу үшін заңнамада көзделген талаптардың, оның ішінде күндізгі оқу нысанында білім алуының және белгіленген шекті жасқа – 23 жасқа дейінгі талаптың сақталуы қажет. Ата-аналарға отбасы құрамы, балалардың мәртебесі және олардың оқуына қатысты мәліметтерді уақтылы тексеріп отыру ұсынылады, өйткені аталған мән-жайлардың өзгеруі жәрдемақы мөлшеріне немесе оның төленуінің тоқтатылуына әсер етуі мүмкін.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Оказания государственных услуг в части назначения пенсионных и социальных выплат за 8 месяцев 2026 года

    Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 17 түрі көрсетіледі. Департаментте күн сайын республикалық бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі электрондық іс макеттері қаралады, сонымен қатар зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін жаңадан ұсынылған құжаттар бойынша қайта есептеу жұмыстары жүзеге асырылады. 2026 жылдың 8 айында 53 647 электрондық іс макеттері қаралды (оның ішінде жаңа тағайындау – 29 937, қайта қаралған істер саны – 22 531, бас тарту – 1 179). Қызметтердің жалпы санынан – 10 378 (яғни жалпы санынан 19,3%) проактивті қызмет арқылы көрсетілді. Төлем түрлері Жаңадан тағайындал-ғандар саны Қайта қаралғандар саны Бас тарту саны ЖАЛПЫ Жасына байланысты зейнетақы төлемі 4 529 4 985 94 9 608 Базалық зейнетақы төлемі 4 944 3 382 90 8 416 Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, жалпы 1 448 5 391 15 6 854 оның ішінде: мүгедектік бойынша 1 112 3 492 1 4 605 асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 336 1 899 11 2 249 Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар 260 947 4 1 211 Туу және күтім бойынша жәрдемақылар 5 994 26 8 6 028 Мүгедек балаларға күтім жасау бойынша жәрдемақылар 408 764 1 172 Бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасау бойынша жәрдемақылар 508 415 923 Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақылар 149 173 322 Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар 855 2 749 73 3 677 Жерлеуге арналған жәрдемақы 2 882 3 2 885 Регресстік төлемдер 1 1 2 Бюджеттік субсидиялар 3 567 2 525 4 6 096 Мемлекеттік кепілдік 4 227 884 5 111 Семей полигоны бойынша өтемақы 1 1 Саяси қуғын құрбандарына өтемақы 2 2 Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы 67 67 БАРЛЫҒЫ: 29 937 22 531 1 179 53647 Бас тартудың негізгі себептері: МЗЖ сақталуына мемлекеттік кепілдікті төлеуге, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға құқықтың болмауы. Әлеуметтік блоктың мамандары тиісті мемлекеттік органдарға, оның ішінде мұрағаттық органдарға сұрау салу жолымен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына тексеру жүргізеді.

    Жарияланды:
    Қорытынды

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына», сондай-ақ «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-нің (бұдан әрі – Департамент) 2026 жылғы 25 маусымдағы № 1-5/53 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес Департамент қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 1 тамызындағы жағдай бойынша АӘҚ субъектілерін лицензиялауға қатысты қызметінің көрсеткіштері

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі - АӘҚ) көрсету сапасын арттыру үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘҚ көрсететін субъектілерді лицензиялау енгізілді. 2026 жылғы 1 тамызындағы республикада АӘҚ көрсететін 33 ұйым. Оның ішінде 33 ұйым лицензия алды (барлығы 4697көрсетілетін қызметті алушы), оның ішінде 28 КММ және 5 ҮЕҰ. Оның ішінде АӘҚ көрсету бойынша: - жартылай стационар жағдайында АӘҚ көрсететін-6 ұйым (165 адам); - стационар жағдайында АӘҚ көрсететін-10 ұйым (1259 адам); - уақытша болу жағдайында АӘҚ көрсететін-3 ұйым - (55 адам); - үй жағдайында АӘҚ көрсететін-13 ұйым (2866 адам).

    Жарияланды:
    Статистика

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің «Профилактикалық бақылау шеңберінде тексеру іс-шараларын уақтылы ұйымдастыру» бағыты бойынша қызметінің көрсеткіштері 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша

    Тексерулердің жалпы саны24; Профилактикалық бақылау14; Жоспардан тыс тексерулер10; Прокуратура органдарының талабы бойынша1; Анықталған бұзушылықтардың жалпы саны 51; Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласында34; оның ішінде: - меншік нысанына қарамастан, мүгедектердің әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін субъектілерге (ұйымдарға) қатысты13; - мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын орындауды жүзеге асыратын субъектілерге (ұйымдарға) қатысты21; Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында17; оның ішінде: -жергілікті атқарушы органдардың/олар уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөнінде4; - стационар, жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін көрсететін субъектілердің (ұйымдардың) қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша0; - үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемін ұсынатын субъектілердің (ұйымдардың) қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша13; - бірлескен бұйрыққа уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемін көрсететін субъектілердің (ұйымдардың) қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы0; Берілген ұйғарымдардың жалпы саны 18; оның ішінде: Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласында16; оның ішінде: - меншік нысанына қарамастан, мүгедектердің әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін субъектілерге (ұйымдарға) қатысты0; - мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын орындауды жүзеге асыратын субъектілерге (ұйымдарға) қатысты 16; Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында 2; оның ішінде: -жергілікті атқарушы органдардың/олар уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөнінде 2; Айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласында 0; оның ішінде: - меншік нысанына қарамастан, мүгедектердің әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін субъектілерге (ұйымдарға) қатысты 0; - мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын орындауды жүзеге асыратын субъектілерге (ұйымдарға) қатысты0. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында 2; оның ішінде: -жергілікті атқарушы органдардың/олар уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөнінде 2; Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Б. Абилов

    Жарияланды: