Басқарма басшысының орынбасары жеке қабылдау өткізді

    1 / 5

    Басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов азаматтарды жеке қабылдады.

    Жеке қабылдау барысында егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу, нысандарды реконструкциялау, сондай-ақ қоғамдық кеңістік салу мәселелері қаралды.

    Аян Смағұлов егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу немесе оған өзгерістер енгізу үшін белгіленген рәсімдерден өту қажеттігін түсіндірді. Соның бірі – қоғамдық талқылау өткізу. Ол қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    Сонымен қатар тұрғындар аумақты қоғамдық кеңістікпен немесе автотұрақ орындарымен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Басқарма басшысының орынбасары қоғамдық кеңістіктердің бір ғана тұрғын үй кешенінің тұрғындарына емес, сол аумақ тұрғындарына ортақ пайдалануға берілетінін атап өтті.

    Басқарма басшысының орынбасары азаматтарды әр сәрсенбі күні сағат 10:00-де жеке қабылдайды.

    Еске саламыз, қабылдауға жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін 55-69-57 телефоны арқылы жазылуға болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ" жаңалықтары