1 / 19
Бүгін Отырар аудандық мәдениет сарайының алдындағы алаңда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай дәстүрлі «Алтын күз – 2026» мерекесі кең көлемде аталып өтті.
Мерекелік жиынға келген көпшілік алаңдағы ауыл шаруашылығы өнімдері мен техникаларының, қолөнер бұйымдары мен ұлттық құнды жәдігерлердің, көркемсурет көрмесімен танысты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайыз арзан бағада тұтынушыларға ұсынылды.
Салтанатты іс-шара театрландырылған көрініспен басталып, «Қырманға кел, қалқатай» әні мен биі көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс - шарада аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлерін мерекемен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жүрген үлестеріне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, дала төсінде маңдай терін төгіп, ел ырысын еселеп жүрген диқандар мен мал шаруашылығы мамандарының еңбегі қашанда құрметке лайық екенін атап өтті.
Шара барысында жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бірқатар еңбек озаттары, үздік ауыл округтері, шаруа қожалықтарының басшылары мен сала мамандары аудан әкімінің арнайы марапаттарына ие болды.
Мерекелік шара соңы аудан өнерпаздарының әсем әні мен күмбірлеген күйіне толы концерттік бағдарламасына ұласты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








