Заң шегінен асты

    Алматы қаласының Әуезов ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы «102» арнасына хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жедел түрде жіберілді.

    Құқық бұзушылықтың жолын кесу барысында оқиғаға қатысушылардың бірі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартып, оларға күш көрсете отырып, қарсылық танытқан.

    Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі.

    Полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде оларға күш қолдануға жол берілмейтінін және мұндай әрекеттер қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеміз.

    Полицияның заңды қызметіне кедергі келтіру әрекеттерінің кез келгені заң аясында қатаң түрде тоқтатылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары