Алматы қаласы Полиция департаментінде қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері арасында самбодан турнир өтті.
Жарысқа құрамында 90 спортшы бар 12 команда қатысты. Турнирді Арнайы және кәсіби даярлық басқармасы ұйымдастырды.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы иеленді. Екінші орын Әуезов аудандық Полиция басқармасының командасына бұйырса, үшінші орын Алмалы аудандық Полиция басқармасының еншісіне тиді.
Мұндай жарыстар қызметкерлер арасындағы командалық рухты нығайтуға, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс, қызметте абырой мен сәттілік тілейміз!









