ХРОМТАУДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    1 / 20

    Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған «Береке бастауы – еңбек» атты мерекелік іс-шара өтті.

    Салтанатты жиында аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов сала еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар азаматқа марапаттар табыстады.

    Аудан әкімі өз құттықтауында ауыл шаруашылығының аудан экономикасындағы маңызын атап өтіп, биылғы жылдың сала үшін нәтижелі болғанын жеткізді.

    Жыл қорытындысы бойынша ауданда 35 миллиард теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, саланың өсім көрсеткіші 118 пайызды құрады. Егін жинау науқаны нәтижесінде 128,8 мың тонна астық жиналды. Сонымен қатар, мал шаруашылығында тұрақты өсім байқалып, қысқы мал азығын дайындау жұмыстары жоспардан тыс орындалды.

    Биыл салаға 4,9 миллиард теңге инвестиция тартылып, машина-трактор паркі 83 бірлік жаңа техникамен толықты. Сондай-ақ 50 жаңа жұмыс орны ашылды.

    Мерекелік жиында ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып жүрген еңбек озаттарына құрмет көрсетілді. Сала қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» медалі, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, сондай-ақ Ақтөбе облысы әкімінің және аудан әкімінің марапаттары табысталды.

    Салтанатты шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

    Ауыл шаруашылығы – ел ырысының негізі. Туған жердің берекесін арттырып, ауданның дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарының еңбегі әрдайым құрметке лайық.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Хромтау ауданы әкімдігі" жаңалықтары