Қарасай батыр аллеясымен серуендеп келе жатып, жолдың кенеттен үзіліп қалатыны есіңізде ме? Жабық жазғы алаңның кесірінен жаяу жүргіншілерге, бала арбасын сүйреген аналар мен қарт адамдарға ұзақ жылдар бойы қолайсыз айналма жолмен жүруге тура келді.
Бүгінде жағдай өзгеріп, қаламыз көркейе түсуде. Кәсіпкерлердің түсіністігі мен әлеуметтік жауапкершілігінің, сондай-ақ өзара сындарлы диалогтың арқасында аллеяның тарихи тұтастығы қалпына келтіріліп, тұрғындар үшін қолжетімді әрі жайлы кеңістік қалыптасты.
Өткен жылы Наурызбай батыр көшесіне дейінгі аумақ жаңартылса, енді Масанчи көшесіне дейінгі ұзындығы жарты шақырымнан асатын жайлы жаяу жүргіншілер жолы ашылды.
Тұрғындардың жайлы серуендеуі үшін мұнда 3 500 шаршы метр тегіс төсемтас төселіп, 25 ыңғайлы орындық пен 105 жарық шамы орнатылды. Алдағы уақытта аллеяның көркін 9 000 шаршы метр көгал мен 8 000 жаңа бұта одан әрі арттыра түседі.
Бұл жоба — қала қызметтері, кәсіпкерлер мен тұрғындар бірлесе әрекет еткенде, қаламызды жақсы жаққа өзгертуге болатынының жарқын үлгісі.
Алматы — баршамыздың ортақ үйіміз. Еш кедергісіз еркін жүріп, серуендеп, қаланың әсемдігін тамашалауға болатын жайлы мекен.
Жаңарған Қарасай батыр аллеясына серуендеуге келіңіздер!









