Алмалы ауданы Әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Алмалы ауданы — Алматы қаласының орталық бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бірлігі, Алматының қоғамдық және мәдени өмір орталығы.
    Құрылған күні 1936 жылы 14 қыркүйекте құрылған. Аудан шекарасы: Назарбаев даңғылы-Абай даңғылы - "Сайран" көлінің шығыс жаңы-Райымбек даңғылы. Аудан аумағы 18,4 ш. км. халық саны 273 мыңнан аса адам құрайды.
    Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің қызметін ақпараттық - талдау, ұйымдық - құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    26 қыркүйекте Арбатта ALMATY GASTRO WEEK фестивалі өтеді

    Алматының дәмі – бір фестивальде 🍽️ 26 қыркүйекте Арбатта ALMATY GASTRO WEEK фестивалі өтеді. Қаланың мейрамханалары мен гастрожобалары тағам ұсынады. Гости смогут увидеть аспаздық шоу 👨‍🍳, концерттік бағдарламаны 🎶 тамашалап, халықаралық гастрономия сарапшыларымен кездеседі. Арнайы қонақтар – Michelin аспазы Брандо Мориса 👨‍🍳 және гастрономиялық шолушы Виктория Берроуз. Кеш «Дос-Мұқасан» ансамблінің өнер көрсетуімен қорытындыланады 🎤 📍 Арбат | 26 қыркүйек | 11:00–20:00

    26 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Арбат
    ОтырысАяқталды

    Аудан әкімінің халықпен кездесуі 22 қыркүйекте өтеді

    2026 жылғы 22 қыркүйекте сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Шамшин Арман Нұржанұлының аудан тұрғындарымен кездесуі өтетінін хабарлаймыз. Өтетін орны: Алматы қаласы, Б. Атыханаұлы атындағы №36 мектеп-гимназиясы, Қабанбай батыр көшесі, 144. Іс-шараға Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары, прокуратура органдарының өкілдері, аудандық басқармалардың басшылары мен қызметкерлері қатысады. Тұрғындардан өзекті және басым мәселелер бойынша ұсыныстар 📞 279-33-19 телефоны арқылы, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымыз арқылы қабылданады: Instagram: @akimat_almaly Facebook: @akimatalmaly Telegram: @almalyaudany Баршаңызды кездесуге қатысуға шақырамыз!

    22 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Школа-гимназия № 36, ул. Кабанбай батыра, 144
    ОтырысАяқталды

    Жалпықалалық бос жұмыс жәрмеңкесі 2026 жылғы 24 шілдеде өтеді

    Ж алпықалалық бос жұмыс жәрмеңкесі Жұмыс іздеп жүрсіз бе немесе жаңа мүмкіндіктерді қалайсыз ба? Сізді Жалпы қалалық бос жұмыс жәрмеңкесіне шақырамыз! Күні 24 шілде Өтетін орны Алматы Арена Алматы қаласы, Нұркент ықш., 7 Уақыты Қатысушыларды тіркеу — сағ. 14:00 Іс-шараның басталуы — сағ. 15:00 ЖҰМЫС БАРЛЫҒЫ ҮШІН! Сіздерді қаланың жетекші жұмыс берушілерінің жүздеген өзекті бос жұмыс орындары күтеді! Келесі салалар бойынша: білім беру; денсаулық сақтау; сауда және қызмет көрсету; құрылыс; өнеркәсіп; көлік және логистика; қонақүй және мейрамхана бизнесі; қаржы және банк секторы; ақпараттық технологиялар; мемлекеттік және коммуналдық ұйымдар. Жәрмеңкеде сіз мыналарды істей аласыз: жұмыс берушілермен әңгімелесуден өту; жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес алу; мемлекеттік қолдау шаралары туралы білу; тәжірибеңіз бен біліктілігіңізге сай жұмыс таңдау. ТАБЫСТЫ МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ ЖАСАҢЫЗ! 24 ШІЛДЕДЕ СІЗДІ «АЛМАТЫ АРЕНАДА» КҮТЕМІЗ!

    24 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    БЖЗҚ Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында «Ашық есік күніне» шақырады

    БЖЗҚ Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында «Ашық есік күніне» шақырады 2026 жылғы 26 маусымда БЖЗҚ ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында «Ашық есік күнін» онлайн форматта өткізеді. Іс-шараның мақсаты - салымшылар мен алушыларды БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстыру, сондай-ақ Қор қызметтерін қауіпсіз түрде алу және алаяқтар мен жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау туралы ақпараттандыруды арттыру. Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері туралы айтып беретін болады. Іс-шараның жеке блогы ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналады. БЖЗҚ мамандары азаматтар кездестіріп жүрген алдаудың кең таралған схемалары туралы айтып береді, сондай-ақ дербес деректерді қорғау бойынша практикалық ұсынымдар береді. Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға келушілерге жеке кеңес береді. «Ашық есік күні» 2026 жылғы сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін онлайн-форматта өтетінін еске саламыз. Іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет: 10.00-11.00 (орыс тілінде) Күні мен уақыты: жұма, 26 маусым 2026 жыл. 10:00 | (UTC+05:00) Астана Вебинар нөмірі: 2515 934 4161 Вебинар құпия сөзі: 10260626 Тіркелуге арналған сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mc9696ecb36624deb2539cbb0064c2364 12.00-13.00 (қазақ тілінде) Күні мен уақыты: жұма, 26 маусым 2026 жыл. 12:00 | (UTC+05:00) Астана Вебинар нөмірі: 2517 315 7122 Вебинар құпия сөзі: 12260626 Тіркелуге арналған сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=maae99a0392ec560d0153ff371adfa79c 14.00-15.00 (орыс тілінде) Күні мен уақыты: жұма, 26 маусым 2026 жыл. 14:00 | (UTC+05:00) Астана Вебинар нөмірі: 2518 090 5113 Вебинар құпия сөзі: 14260626 Тіркелуге арналған сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m23dfebdd818ed2174d458d52bb413153 «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» қатысуға ниет білдіргендердің барлығын күтеді!

    26 маусым 2026 ж.Тікелей
    онлайн-формат

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысу

    Жауап

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ меншік сегменттері (шатырлар, кіреберістер, инженерлік желілер, қасбеттер, жертөлелер) ортақ пайдаланылатын мүлік болып саналады және пәтер иелерінің қаражатына жөнделеді. Күрделі жөндеуге қаражат жетпейтін үйлер 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасына («Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту, ТКШ жаңғырту») қатыса алады, оның шеңберінде үйдің шатырын, қасбетін, инженерлік желілерін, кіреберістерін жөндеуге болады. Жұмыстар бюджет қаражаты есебінен қайтарымды негізде, қаражатты қайтару кезеңімен 8-15 жыл жүргізіледі. Егер пәтер иелері жоғарыда аталған бағдарламаға қатысу туралы шешім қабылдаса, онда бұл келесідей болады: 1. ПИК төрағасы ақау актісі мен алдын ала сметаны әзірлеу үшін «Алматы Тұрғын үй» ЖШС-не (Жароков көшесі, 215 мекенжай бойынша) өтініш жібереді, ол кейіннен тұрғындардың жалпы жиналысында бекітілуі тиіс. 2. Жалпы жиналыстың негізінде жұмыс саны мен түрлері бойынша шешім қабылданады.3. Смета пәтер иелерінің 2/3 дауысымен бекітіледі және "Алматы Тұрғын үй" ЖШС-не ұсынылады.

    Сұрақ

    Аула аумағындағы тұрақ шектегіштерін бұзу

    Жауап

    IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 45 шешімімен бекітілген "Алматы қаласының аумағын көріктендіру ережесінің" 16 тармағына сәйкес қала аумағының өтпе жолдарында арнайы автокөліктердің өтуіне кедергі келтіретін арқалықтарды, блоктарды және басқа қоршауларды тұрғызуға және орнатуға тыйым салынады (рұқсат етілмейді). Бұл шара арнайы автокөліктердің (жедел жәрдем, патрульдік қызмет, өрт сөндіру машинасы, ТҚҚ шығаратын АВТО машиналар) көмек көрсету объектісінен (науқас адамдарды, өрт болған жағдайда пәтер және т.б.) жақын қашықтыққа кедергісіз өтуі үшін көзделген. Кедергі құрылымының жеңілдігі оны жеңудің кепілі емес. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар туралы мәселе бойынша, сондай-ақ "Алматы қаласын абаттандыру қағидаларын" және әкімшілік бұзушылықтарды бұзған жағдайда учаскелік полиция инспекторына немесе 102 телефоны бойынша шара қолдану үшін жүгіну қажет. Ауданның аға учаскелік инспекторларының тізімі Алмалы ауданы әкімі аппаратының сайтына орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/article/details/23603?lang=ru "халыққа арналған ақпарат" айдарында құқық қорғау органдарының қызметін Алматы қ.ПД бақылайды - @almaty_police_department). Сондай - ақ, ҚР ІІМ "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында азаматтардың полицияға хабарламаларын қабылдау процесінің жаңа жобасы - "102"мобильді қосымшасы әзірленіп, іске қосылғанын хабарлаймыз. "102" мобильдік қосымшасының көмегімен еліміздің әрбір тұрғыны жасалған құқық бұзушылық туралы – вандализм, қоғамдық орындарда қоқыс шығару, есірткі саудасы және басқа да жағдайлар туралы ақпаратты ішкі істер органдарына жібере алады. сондай - ақ, жүйе арқылы өтініш беруге, аудио-немесе бейне қоңырау шалу арқылы оператормен байланысуға болады, бұл ретте қоңырау шалушының орналасқан жері автоматты түрде анықталады, оператор не болып жатқанын көре алады және шұғыл ден қою шараларын қабылдай алады. "102" қосымшасын Android телефондары үшін Play Store және IOS телефондары үшін App Store дүкендерінен тегін жүктеп алуға болады.

    Сұрақ

    Аула ішіндегі аумақтағы ағаштарды санитарлық кесу

    Жауап

    Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларына сәйкес аула аумағында орналасқан ағаштар басқару органдарының (ПИК) жауапкершілік аймағы болып табылады, сондай-ақ апатты, қураған, көнерген ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" ҚР Заңына сәйкес рұқсат алу талап етілмейтін (ағаштарды кесуге рұқсат беріледі) жасыл желектерді күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың бір бөлігі болып табылатынына назар аударамыз. Бұл ретте адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ескі желектерді санитариялық кесу Төтенше жағдайлар органдарын құтқару қызметінің куәландыру актісі негізінде жүргізіледі (телефон нөмірі 109). Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар сметасын есептеу әдістемесіне сәйкес (М. А. бұйрық) 2015 жылғы 26 наурыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген) тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысында кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шығыстар сметасын бекітеді. Онда шығындардың негізгі үлестерінің бірі: көгалдандыру қызметтері (көгалдандыру, күтім жасау, жасыл желектер мен көгалдарды кесу). Кондоминиум объектісін басқару органының жұмысы қанағаттанғысыз болған жағдайда, басқа үйлермен бірге Үй-жайлар иелерінің бір кооперативі басқаратын пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері көпшілік қабылдаған шешім бойынша осы кооперативтің құрамынан шығуға және өзінің жеке кооперативін құруға, басқа кооперативке көшуге не кондоминиум объектісін басқарудың өзге де нысанын (миб) қолдануға құқылы.

    Сұрақ

    Аула ішіндегі аумақты санитарлық тазалау

    Жауап

    Аула ішіндегі және іргелес аумақтың санитарлық жағдайы мен ұсталуына ПИК жауап береді. Меншік иелерінің жалпы жиналысында аумақты санитарлық тазалау бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу туралы мәселе қою қажет. Егер басқару органы жазбаша сауалдарға жауап бермесе және өз міндеттерін тиісті түрде орындамаса, тұрғындар жалпы жиналыста кооператив төрағасын қайта сайлау туралы мәселе қоюы керек. Сонымен қатар, ҚР "тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 42-1 бабына сәйкес, пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысында кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды. Жиналыста қабылданған шешімдер барлық пәтер иелері, тұрғын емес үй-жайлар үшін міндетті болып табылады. Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді. Кондоминиум объектісін басқару органының жұмысы қанағаттанғысыз болған жағдайда, басқа үйлермен бірге Үй-жайлар иелерінің бір кооперативі басқаратын пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері көпшілік қабылдаған шешім бойынша осы кооперативтің құрамынан шығуға және өзінің жеке кооперативін құруға, басқа кооперативке көшуге не кондоминиум объектісін басқарудың өзге де нысанын (миб) қолдануға құқылы.

    Жоспар

    Алмалы ауданы әкімімен 22.09.2026 кездесу қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспары

    БЕКІТЕМІН Алмалы ауданының әкімі ___________ А.Н. Шамшин «____» ____________ 2026 г. ХАТТАМА № Алмалы ауданының әкімі А.Н. Шамшиннің халықпен кездесуі 2026 жылғы 22 қыркүйек № Тапсырмалар Жауапты орындаушы Мерзімі Алмалы ауданы әкімінің орынбасары А.А. Төлеген 1. Өз құзыреті шегінде «Алматы Су» МКК-мен ақшалай қаражатты қайтару мәселесін пысықтау, өтінішті қарау және құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдау. ИЖЖБ КӨДБ 22.10.2026 2. Өз құзыреті шегінде өрт гидрантының рұқсатсыз ауыстырылу фактісі бойынша мәселені пысықтау, орындалған жұмыстардың заңдылығын анықтау және құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдау. КШБ КӨДБ 22.10.2026 3. Өз құзыреті шегінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде іс-шара өткізу, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру және қажетті шаралар қабылдау. КШБ КӨДБ 22.10.2026 4. Өз құзыреті шегінде ағаштарды санитариялық қырқу жұмыстарын жүргізу. КБ 22.10.2026 5. Өз құзыреті шегінде Мауленов көшесіндегі (музей маңындағы) қарағай екпелерінің, сондай-ақ Rixos Almaty қонақүйінің жанындағы қарағайлы сквердегі жасыл желектер мен көгал жабынының жай-күйін тексеру, олардың бүлінуі мен қурап қалуына жол бермеу мақсатында жасыл желектерді тиісінше суару және күтіп-баптау мәселесін қарау. КБ КӨДБ 22.10.2026 6. Өз құзыреті шегінде Байтұрсынов көшесі жағындағы арық желісін жаңғырту, сондай-ақ Гоголь көшесі, 87-мекенжайындағы жасыл желектерді санитариялық қырқу мәселесін қарау және қажетті шаралар қабылдау. КШБ АБ 22.10.2026 7. Абай даңғылы, 107-мекенжайдағы 23-пәтердің қайтыс болған иесінің қызына осы пәтерге мұрагерлік құқықты рәсімдеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы құжаттарды тапсыруға жәрдем көрсету. КШБ 22.10.2026 8. Өз құзыреті шегінде «Байтұрсынов, 72» МИБ қызметі мәселесін, оның ішінде төрағаны сайлаудың заңдылығын және оның белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйді жылыту маусымына дайындауды ескере отырып, қалыптасқан жағдайды реттеуге жәрдем көрсету. Қарау нәтижелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қабылдау. КШБ 22.10.2026 9. Өз құзыреті шегінде тұрғындар аула аумағына отырғызған жасыл желектерді тексеру және оларды тиісінше суару мен күтіп-баптауды қамтамасыз ету мәселесін қарау. КБ 22.10.2026 10. Өз құзыреті шегінде тротуардағы су ағуын жою мәселесін пысықтау. Учаскені тексеруді қамтамасыз ету, су ағу көзін анықтау және оны жою үшін қажетті шаралар қабылдау. КБ 22.10.2026 11. Өз құзыреті шегінде аула аумағын көгалдандыру мәселесін пысықтау. Мұратбаев көшесі, 114-мекенжайда абаттандыру жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қарау. КБ 22.10.2026 12. Өз құзыреті шегінде Айтеке би көшесі, 98; Мауленов көшесі, 54; Наурызбай батыр көшесі, 49/6 мекенжайларындағы әрбір тұрғын үйге екі бөлек дербес шот ашу мәселесін ПИК төрағасымен пысықтау. КШБ 22.10.2026 13. Өз құзыреті шегінде футбол алаңының жабынын қалпына келтіру мүмкіндігін қарау. КШБ 22.10.2026 14. Өз құзыреті шегінде Есентай өзенінің Төле би көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі жағалауын тазалау мүмкіндігін қарау. КБ 22.10.2026 15. Өз құзыреті шегінде Мұқанов көшесі, 227-мекенжайда, Бөгенбай батыр көшесіне жақын тротуар бойындағы жасыл желектерді санитариялық қырқу мәселесін пысықтау. КБ 22.10.2026 16. Өз құзыреті шегінде Мақатаев көшесінің Байтұрсынов және Шагабутдинов көшелерінің арасындағы учаскесін абаттандыру және көгалдандыру мүмкіндігін қарау. КШБ 22.10.2026 17. Өз құзыреті шегінде Мақатаев көшесінің Байтұрсынов көшесінен Шәріпов көшесі маңындағы аялдамаға дейінгі аралыққа қосымша шамдар орнату мүмкіндігін қарау. КБ 22.10.2026 18. Өз құзыреті шегінде Шәріпов көшесі, 129/22-мекенжайдағы аула аумағында ағаштарды санитариялық қырқу жұмыстарын жүргізу мәселесін пысықтау. КБ 22.10.2026 19. Өз құзыреті шегінде Шевченко көшесі, 112/70-мекенжайдағы тұрғын үй маңындағы, Шевченко көшесінен Масанчи көшесіне дейінгі жаяу жүргіншілер аймағында автокөлік қою қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету мәселесін қарау және тиісті шаралар қабылдау. АБ КШБ 22.10.2026 20. Өз құзыреті шегінде көрсетілген учаскедегі қураған және авариялық ағаштардың бар-жоғын анықтау үшін жасыл желектерді тексеру және тексеру нәтижелері бойынша қажетті шаралар қабылдау. КБ 22.10.2026 21. Өз құзыреті шегінде нөсер жауын кезінде жаңбыр суы жиналатын-жиналмайтынын анықтау үшін Байтұрсынов және Шевченко көшелерінің қиылысындағы учаскені тексеру және тексеру нәтижелері бойынша мәселені жоюға қажетті шаралар қабылдау. КБ 22.10.2026 22. Өз құзыреті шегінде Қунаев атындағы университет маңындағы контейнерлік алаңның орналасқан жерін (4 контейнер) өз бетінше ауыстыруға жол бермеу мәселесін қарау және белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қабылдау. КШБ 22.10.2026 Алмалы ауданы әкімінің орынбасары О.К. Құрманбек 1. Өз құзыреті шегінде «Ивушка» балабақшасының жанындағы аула аумағында көп мөлшерде автокөлік қойылуына байланысты аулаға кіріп-шығудың қиындауынан туындаған жанжалды жағдайды реттеу мәселесін қарау және тиісті шаралар қабылдау. КӨДБ 22.10.2026 2. Алмалы ауданының прокуратурасымен (келісім бойынша) және Алмалы ауданының полиция басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп, лифт есігін бөлшектеген тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау және айыппұл салу. КӨДБ 22.10.2026 3. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшылары бір апта мерзімде бірінші қабаттарда орналасқан бизнес субъектілерімен абаттандыру паспорттарына қол қойсын. КӨДБ 22.10.2026 Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Е.О. Қалдарбеков 1. Қабанбай батыр және Мауленов көшелеріндегі музей ғимараты бойындағы қарағайларды күтіп-баптау және суару мәселесі бойынша Алматы музейінің басшылығымен келіссөз жүргізу. МТДБ 22.10.2026

    Жарияланды:
    Ереже

    ЕРЕЖЕ «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Таза аула, таза көше, үздік мердігер» аудандық конкурсын өткізу туралы

    «БЕКІТЕМІН»Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі«___» қыркүйек 2026 жыл ЕРЕЖЕ «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Таза аула, таза көше, үздік мердігер» аудандық конкурсын өткізу туралы Жалпы ережелер 1.1. Конкурсты «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ ұйымдастырады. 1.2. Конкурс «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыруға, сондай-ақ тұрғындардың бастамашылдығын дамытуға, аулаларға іргелес аумақтарды күтіп ұстауды, абаттандыруды және көгалдандыруды жақсартуға бағытталған. Жоба аудан аумағында тұруға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді. 1.3. Конкурсты өткізу мерзімдері: Конкурстың басталуы: 2026 жылғы 14 қыркүйек. Өтінімдерді қабылдау: 2026 жылғы 14 қыркүйектен 28 қыркүйекке дейін, екі апта ішінде. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды жариялау: 2026 жылғы 6–8 қазан. 1.4. Конкурс үш негізгі топ бойынша өткізіледі: «Таза аула» — көппәтерлі тұрғын үйлер мен тұрғын үй кешендерінің аулалары арасында; «Таза көше» — көшелер арасында (жеке сектор мен шағынаудандарды қоса алғанда); «Үздік мердігер» — өздеріне нақты бекітілген учаскелерге қызмет көрсететін мердігерлік және басқарушы ұйымдар арасында. 1.5. Аудандық деңгейде әр номинация бойынша бірінші орын алған жеңімпаздар конкурстың келесі кезеңіне (қалалық/республикалық) қатысу үшін ұсынылады. 1.6. Конкурсты өткізу және қорытынды шығару конкурсқа дайындық және оны өткізу жөніндегі конкурстық комиссияға жүктеледі. Конкурстық комиссияның негізгі функциялары — өтінімдерді қарау, материалдарды зерделеу және қорытынды шығару. Конкурстық комиссияның шешімдері қатысып отырған мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады және хаттамалармен ресімделеді. 1.7. Конкурсқа ауданның барлық тұрғындары қатысуға құқылы. Конкурсқа қатысу ерікті болып табылады. 1.8. Өтінімдер №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі, өтінімге ұсынылып отырған нысанның кемінде 5 фотосуреті міндетті түрде қоса беріледі. Конкурстың шарттары Белгіленген мерзімнен кейін, яғни 2026 жылғы 28 қыркүйектен кейін ұсынылған конкурстық материалдар қарауға қабылданбайды. 2.1. «Таза аула» атағы мынадай талаптар орындалған жағдайда беріледі: Аула аумағын абаттандыру және көгалдандыру бойынша бірлескен жұмыстарға тұрғындардың қатысуы; Тазалық пен тәртіпті сақтау, сенбіліктер өткізу; Ауланы эстетикалық безендіру бойынша бастама көтеру және тұрғындардың көгалдандыру жұмыстарына қатысуы. 2.2. «Таза көше» атағы мынадай талаптар орындалған жағдайда беріледі: Бүкіл көше/шағынаудан учаскесінде санитариялық тазалықты қамтамасыз ету және сақтау; Қасбеттердің, қоршаулардың және оларға іргелес аумақтардың күтімді болуы; Арамшөптердің және қоқыстың стихиялық үйінділерінің болмауы. 2.3. «Үздік мердігер» атағы бекітілген аумақтарды тазалау сапасын бағалау қорытындысы бойынша комиссия шешімімен беріледі. Бағалау кезінде аумақтарды қоқыстан тазалау, жинау, урналарды тазалау және санитариялық өңдеу жұмыстары ескеріледі. Комиссия мердігер ұйымның жұмысына қатысты тұрғындар тарапынан негізделген шағымдар мен ескертулердің бар-жоғын немесе жоқтығын ескереді. Өтінімге мердігерге бекітілген аумақтардың мекенжайлық тізбесі қоса беріледі. Қорытынды шығару тәртібі және жеңімпаздарды марапаттау 3.1. Конкурстық комиссия ұсынылған өтінімдерді қарау кезінде нәтижелерді тіркеу үшін нысанға барып тексеру жүргізеді. 3.2. Конкурстық жұмыстар әрбір топ бойынша белгіленген критерийлерге сәйкес бағаланады. Әрбір критерий бойынша 0-ден 5 балға дейін қойылады. 3.3. Әрбір топ бойынша конкурстың жеңімпазы комиссияның барлық мүшелері қойған балдарды қосу нәтижесінде ең жоғары балл жинаған қатысушы болып табылады. 3.4. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды жариялау 2026 жылғы 6–8 қазан аралығында жүргізіледі. Жеңімпаздарға құрмет грамоталары мен марапаттар табысталады. №1 қосымша «Таза аула, таза көше» конкурсына қатысуға арналған ӨТІНІШ НЫСАНЫ Конкурстық комиссия төрағасына ӨТІНІШ Конкурста __________________ атағын алуға қатысу үшін(конкурс топтарының біреуі көрсетіледі) [ ] «Таза аула»[ ] «Таза көше» (жеке тұлғалар үшін – Т.А.Ә., заңды тұлғалар үшін – мекеменің/КСК/ОСИ атауы) (жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты мекенжайы, заңды тұлғалар үшін – орналасқан мекенжайы) көрсетілген қатысушыны __________________ атағына конкурсқа қатысушылар қатарына қосуды сұраймын. Конкурстың шарттарымен келісемін. Байланыс телефоны: __________________________________ «___» __________________ 2026 жыл __________________ / __________________(қолы) (инициалдары, тегі) №2 қосымша «Үздік мердігер» атағына арналған конкурсқа қатысуға өтініш нысаны Конкурстық комиссия төрағасына ӨТІНІШ «Үздік мердігер» атағына конкурсқа қатысуға өтінімдерді кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары береді. Өтінім мыналарды қамтуы тиіс: Конкурсқа қатысуға өтінім беруші мердігер ұйымның атауы және басшысының аты-жөні: Жинауға жататын аумақтың алаңын көрсете отырып, қызмет көрсетілетін аумақтың мекенжайы: Ұйымның учаскедегі жұмыс кестесі: Жұмыста ынталандыру факторларының болуы немесе болмауы туралы ақпарат: Конкурстың шарттарымен келісемін. Байланыс телефоны: __________________________________ «___» __________________ 2026 жыл __________________ / __________________(қолы) (инициалдары, тегі)

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігі аппаратының телефон анықтамалығы

    Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігі аппаратының телефон анықтамалығы

    Жарияланды:
    Есеп

    Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2026 жылы 6 айлықта атқарған жұмысы туралы есебі

    Жарияланды:
    Ереже

    Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі туралы ереже

    БЕКІТІЛДІ Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2026 жылғы « » қаңтар № /к өкімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемесініңкәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі туралы ереже Жалпы ережелер Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласының әкімі бекітеді. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі 4 қызметкерден тұрады: 1) Бөлім басшысы; 2) Бас инспектор; 3) Бас маман; 4) Бас маман. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімнің міндеті: 1) Халыққа қызмет көрсету, кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын Қазақстан Республикасы Президентінің, ҚР Үкіметінің жарлықтарының, қаулыларының және өзге де заңнамалық актілерінің, қала және аудан әкімінің шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету; 2) кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту және қолдау бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету; 3) "Халық үніне құлақ асатын мемлекет"тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кері байланыс нысандарын жетілдіру және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейін нығайту. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімнің құқықтары мен міндеттері: 1) жетекшілік ететін өнеркәсіп, көлік, байланыс кәсіпорындарын қолдау және дамыту бойынша ұйымдастыру және үйлестіру шараларын жүргізу; 2) заңнамамен және Ережемен жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды басқа құрылымдық бөлімшелерден сұрату және алу; 3) бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қала, аудан әкімінің тапсырмаларын орындауға қажетті анықтамалар, ақпараттар, аналитикалық материалдар дайындау үшін барлық жетекшілік ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру және өзара әрекет ету; 4) бөлім өкілеттігіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық материалдар, есептер дайындау; 5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру, қызметтік корреспонденцияны орындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру; 6) өтініштерді талдау және өтініш иелері көтерген жүйелі мәселелерді анықтау; 7) ҚР Конституциясын, Заңдарын, ҚР Президентінің актілерін, ҚР басқа да құқықтық-нормативтік актілерін бұлжытпай сақтай отырып, заңдық принциптерді басшылыққа алу; 8) ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтар мен міндеттерді іске асыру. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімнің функциялары: кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімнің құзіретіне қатысты мәселелер бойынша қала, аудан әкімінің, жетекшілік ететін әкім орынбасарының өкімдерін, тапсырмаларын орындалуы бойынша жұмыстрды ұйымдастыру; кәсіпкерлік және өнеркәсіпті саласында нормативтік-құқықтық актілер мен шаралардың, жоспарлардың орындалуы бойынша ұйымдастыру н қамтамасыз ету; аудан бойынша барлық кәсіпорындар мен ұйымдармен үнемі ұйымдастырушылық-кеңес берушілік жұмыстар жүргізу. бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қала, аудан әкімінің тапсырмаларын орындауға қажетті анықтамалар, ақпараттар, талдамалық материалдар дайындау үшін барлық жетекшілік ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру және өзара әрекет ету; кәсіпкерлерге сауда нысандарын, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету саласын ашу мәселелері бойынша олардың қызметіне қатысты консультативтік көмек көрсету және Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету; жоғары тұрған органдарға бағдарламалық құжаттар, ұсыныстар дайындау, өнеркәсіп, көлік, байланыс, кәсіпкерлік кәсіпорындарының проблемалық мәселелерін шешуді қолданыстағы заңнамалардың шегінде қарастыру және әрекет ету; кәсіпкерлік және өндіріс салаларының дамуына қолдау көрсету, олардың жұмысына талдау жүргізу; сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының және ұйымдарының қызметтерін үйлестіру; ұйымдаспаған сауданы жою бойынша аудандық ІІБ, ветеринарлық қызмет, Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, мемлекеттік кіріс басқармасы және ТЖ жұмысын үйлестіру; кәсіпкерлік субьектілерімен іргелес аумақтарды көріктендіру және санитарлық тазалау мәселелері бойынша жұмыстар жүргізу; негізгі экономикалық көрсеткіштердің орындалуына талдау жасау, статистикалық мәліметтерді өңдеу, меншік түріне қарамастан аудандағы кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша талдамалық анықтамалар дайындау; өнеркәсіп кәсіпорындарының қаржы-экономикалық көрсеткіштерін талдау; Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларда тамақтану және сауда қызметінің жұмысын ұйымдастыру; жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету; жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бойыншатөтенше жағдайлардың, табиғи апаттардың алын алу және салдарын жою жұмыстарын ұйымдастыру; техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сай аудан аумағындағы сауда-ойын-сауық орталықтарында (СОО) орналасқан аттракциондардың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; қауіпсіз пайдаланылуына техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 729-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және әкімшілік жаза қолдану жөніндегі Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі орынбасарының жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің қызметін ұйымдастыру Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді. Бөлімді қызметіне Қазақстан Республикасындағы заңдар белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады. Бөлім басшысы бөлімінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады. Бөлім басшысы аудан әкіміне бөлімнің штаттық саны және құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы қол қояды, ал ол болмаған жағдайда – тұлға оның міндеттерін бөлімнің бас инспекторы орындайды.

    Жарияланды:
    Ереже

    Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі туралы ереже

    БЕКІТІЛДІ Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2026 жылғы « » қаңтар № /к өкімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі туралы ереже Жалпы ережелер Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласының әкімі бекітеді. Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі 3 қызметкерден тұрады: 1) Бөлім басшысы; 2) Бас инспектор; 3) Бас маман. Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері Ұйымдастыру және бақылау жұмысы ету бөлімінің мақсаты: "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кері байланыс нысандарын жетілдіру және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейін нығайту; Алматы қаласы әкімі аппаратының және Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің тапсырмаларын бақылауды қамтамасыз ету; аудан әкімінің аудан аумағындағы өкілді және атқарушы органдармен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде қала әкімі мен аудан әкімінің тапсырмаларын орындалуына талдауды жүзеге асыру. Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің құқықтары және міндеттері: 1) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттар мен бөлімнің құзырына жатқызылған материалдарды сұрауға және алуға; 2) басшылыққа заңдардың және ережелердің белгіленген талаптарын бұзған қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізуге; 3) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан аудан әкімінің, орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмаларын орындау бойынша мәліметтерді уақытылы тапсыруы жөнінде талап етуге; 4) еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауға, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияларды сақтауға және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңында айқындалған міндеттерді орындау. 5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру, қызметтік корреспонденцияны орындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру; 6) өтініштерді талдау және өтініш иелері көтерген жүйелі мәселелерді анықтау. Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің функциялары: аудан әкімінің халықпен есептік кездесулерін ұйымдастыру; аудан әкімінің аппарат, жоспарлық және басқа жиналыстарын ұйымдастыру, хаттамалар жүргізуді, тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімнің азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру; аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін тіркеу, қажет болған жағдайда қалалық БАҚ жариялау; аудан әкімінің құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапаттау мәселесі бойынша құжаттарды дайындауды және келістірудің қамтамасыз ету. баспа-бланктік өнімдерді есепке алу, пайдалану, сақтау және жою; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша іс-шараларды (стенограмма, хаттама) өткізу қорытындылары бойынша құжаттардың жобаларын дайындау; Алмалы ауданы әкімі аппаратының бөлімдерінде хаттамалық тапсырмалардың орындалу туралы аппарат басшысына талдау материалдарын дайындау және бақылау тапсырмаларының орындалу барысына талдауды қамтамасыз ету Алматы қаласы әкімі мен Алмалы ауданы әкімі бекіткен жоспарлардың, тапсырмалардың және өкімдердің орындалуын құрылымдық бөлімшелер мен Алмалы аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері тарапынан бақылауды қамтамасыз ету. Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің қызметін ұйымдастыру Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді. Бөлімді қызметіне Қазақстан Республикасындағы заңдар белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады. Бөлім басшысы бөлімінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады. Бөлім басшысы аудан әкіміне бөлімнің штаттық саны және құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді. 12. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

    Жарияланды: