Аула ішіндегі және іргелес аумақтың санитарлық жағдайы мен ұсталуына ПИК жауап береді. Меншік иелерінің жалпы жиналысында аумақты санитарлық тазалау бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу туралы мәселе қою қажет. Егер басқару органы жазбаша сауалдарға жауап бермесе және өз міндеттерін тиісті түрде орындамаса, тұрғындар жалпы жиналыста кооператив төрағасын қайта сайлау туралы мәселе қоюы керек. Сонымен қатар, ҚР "тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 42-1 бабына сәйкес, пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысында кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды. Жиналыста қабылданған шешімдер барлық пәтер иелері, тұрғын емес үй-жайлар үшін міндетті болып табылады. Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді. Кондоминиум объектісін басқару органының жұмысы қанағаттанғысыз болған жағдайда, басқа үйлермен бірге Үй-жайлар иелерінің бір кооперативі басқаратын пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері көпшілік қабылдаған шешім бойынша осы кооперативтің құрамынан шығуға және өзінің жеке кооперативін құруға, басқа кооперативке көшуге не кондоминиум объектісін басқарудың өзге де нысанын (миб) қолдануға құқылы.