«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысу

    Алмалы ауданы Әкімінің аппараты

    Сұрақ

    «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысу

    Жауап

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ меншік сегменттері (шатырлар, кіреберістер, инженерлік желілер, қасбеттер, жертөлелер) ортақ пайдаланылатын мүлік болып саналады және пәтер иелерінің қаражатына жөнделеді. Күрделі жөндеуге қаражат жетпейтін үйлер 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасына («Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту, ТКШ жаңғырту») қатыса алады, оның шеңберінде үйдің шатырын, қасбетін, инженерлік желілерін, кіреберістерін жөндеуге болады. Жұмыстар бюджет қаражаты есебінен қайтарымды негізде, қаражатты қайтару кезеңімен 8-15 жыл жүргізіледі. Егер пәтер иелері жоғарыда аталған бағдарламаға қатысу туралы шешім қабылдаса, онда бұл келесідей болады: 1. ПИК төрағасы ақау актісі мен алдын ала сметаны әзірлеу үшін «Алматы Тұрғын үй» ЖШС-не (Жароков көшесі, 215 мекенжай бойынша) өтініш жібереді, ол кейіннен тұрғындардың жалпы жиналысында бекітілуі тиіс. 2. Жалпы жиналыстың негізінде жұмыс саны мен түрлері бойынша шешім қабылданады.3. Смета пәтер иелерінің 2/3 дауысымен бекітіледі және "Алматы Тұрғын үй" ЖШС-не ұсынылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Аула аумағындағы тұрақ шектегіштерін бұзу

    Жауап

    IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 45 шешімімен бекітілген "Алматы қаласының аумағын көріктендіру ережесінің" 16 тармағына сәйкес қала аумағының өтпе жолдарында арнайы автокөліктердің өтуіне кедергі келтіретін арқалықтарды, блокта...

    Сұрақ

    Аула ішіндегі аумақтағы ағаштарды санитарлық кесу

    Жауап

    Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларына сәйкес аула аумағында орналасқан ағаштар басқару органдарының (ПИК) жауапкершілік аймағы болып табылады, сондай-ақ апатты, қураған, көнерген ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу "Рұқсаттар және хабарламалар т...

    Сұрақ

    Аула ішіндегі аумақты санитарлық тазалау

    Жауап

    Аула ішіндегі және іргелес аумақтың санитарлық жағдайы мен ұсталуына ПИК жауап береді. Меншік иелерінің жалпы жиналысында аумақты санитарлық тазалау бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу туралы мәселе қою қажет. Егер басқару органы жазбаша сауалдарға жауап бермесе және өз міндеттерін...