БЕКІТІЛДІ
Алматы қаласы Алмалы ауданы
әкімінің 2026 жылғы « » қаңтар
№ /к өкімі
«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі туралы ереже
- Жалпы ережелер
- Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласының әкімі бекітеді.
- Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі 4 қызметкерден тұрады:
1) Бөлім басшысы;
2) Бас инспектор;
3) Бас маман;
4) Бас маман.
- Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімнің негізгі міндеттері,
функциялары мен құқықтары
- Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімнің міндеті :
1) Халыққа қызмет көрсету, кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын Қазақстан Республикасы Президентінің, ҚР Үкіметінің жарлықтарының, қаулыларының және өзге де заңнамалық актілерінің, қала және аудан әкімінің шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту және қолдау бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету;
3) "Халық үніне құлақ асатын мемлекет"тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кері байланыс нысандарын жетілдіру және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейін нығайту.
- Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
1) жетекшілік ететін өнеркәсіп, көлік, байланыс кәсіпорындарын қолдау және дамыту бойынша ұйымдастыру және үйлестіру шараларын жүргізу;
2) заңнамамен және Ережемен жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды басқа құрылымдық бөлімшелерден сұрату және алу;
3) бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қала, аудан әкімінің тапсырмаларын орындауға қажетті анықтамалар, ақпараттар, аналитикалық материалдар дайындау үшін барлық жетекшілік ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру және өзара әрекет ету;
4) бөлім өкілеттігіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық материалдар, есептер дайындау;
5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру, қызметтік корреспонденцияны орындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;
6) өтініштерді талдау және өтініш иелері көтерген жүйелі мәселелерді анықтау;
7) ҚР Конституциясын, Заңдарын, ҚР Президентінің актілерін, ҚР басқа да құқықтық-нормативтік актілерін бұлжытпай сақтай отырып, заңдық принциптерді басшылыққа алу;
8) ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтар мен міндеттерді іске асыру.
- Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімнің функциялары:
- кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімнің құзіретіне қатысты мәселелер бойынша қала, аудан әкімінің, жетекшілік ететін әкім орынбасарының өкімдерін, тапсырмаларын орындалуы бойынша жұмыстрды ұйымдастыру;
- кәсіпкерлік және өнеркәсіпті саласында нормативтік-құқықтық актілер мен шаралардың, жоспарлардың орындалуы бойынша ұйымдастыру н қамтамасыз ету;
- аудан бойынша барлық кәсіпорындар мен ұйымдармен үнемі ұйымдастырушылық-кеңес берушілік жұмыстар жүргізу.
- бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қала, аудан әкімінің тапсырмаларын орындауға қажетті анықтамалар, ақпараттар, талдамалық материалдар дайындау үшін барлық жетекшілік ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру және өзара әрекет ету;
- кәсіпкерлерге сауда нысандарын, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету саласын ашу мәселелері бойынша олардың қызметіне қатысты консультативтік көмек көрсету және Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
- жоғары тұрған органдарға бағдарламалық құжаттар, ұсыныстар дайындау, өнеркәсіп, көлік, байланыс, кәсіпкерлік кәсіпорындарының проблемалық мәселелерін шешуді қолданыстағы заңнамалардың шегінде қарастыру және әрекет ету;
- кәсіпкерлік және өндіріс салаларының дамуына қолдау көрсету, олардың жұмысына талдау жүргізу;
- сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының және ұйымдарының қызметтерін үйлестіру;
- ұйымдаспаған сауданы жою бойынша аудандық ІІБ, ветеринарлық қызмет, Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, мемлекеттік кіріс басқармасы және ТЖ жұмысын үйлестіру;
- кәсіпкерлік субьектілерімен іргелес аумақтарды көріктендіру және санитарлық тазалау мәселелері бойынша жұмыстар жүргізу;
- негізгі экономикалық көрсеткіштердің орындалуына талдау жасау, статистикалық мәліметтерді өңдеу, меншік түріне қарамастан аудандағы кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша талдамалық анықтамалар дайындау;
- өнеркәсіп кәсіпорындарының қаржы-экономикалық көрсеткіштерін талдау;
- Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларда тамақтану және сауда қызметінің жұмысын ұйымдастыру;
- жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету;
- жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бойыншатөтенше жағдайлардың, табиғи апаттардың алын алу және салдарын жою жұмыстарын ұйымдастыру;
- техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сай аудан аумағындағы сауда-ойын-сауық орталықтарында (СОО) орналасқан аттракциондардың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
- қауіпсіз пайдаланылуына техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 729-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және әкімшілік жаза қолдану жөніндегі Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі орынбасарының жұмысын ұйымдастыру.
- Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің
қызметін ұйымдастыру
- Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
- Бөлімді қызметіне Қазақстан Республикасындағы заңдар белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
- Бөлім басшысы бөлімінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы аудан әкіміне бөлімнің штаттық саны және құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді.
- Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы қол қояды, ал ол болмаған жағдайда – тұлға оның міндеттерін бөлімнің бас инспекторы орындайды.