БЕКІТІЛДІ
Алматы қаласы Алмалы ауданы
әкімінің 2026 жылғы « » қаңтар
№ /к өкімі
«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
көріктендіру бөлімі туралы ереже
- Жалпы ережелер
- Көріктендіру бөлімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Көріктендіру бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Көріктендіру бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласының әкімі бекітеді.
- Көріктендіру бөлімі 4 қызметкерден тұрады:
1) Бөлім басшысы;
2) Бас инспектор;
3) Бас маман;
4) Бас маман.
- Көріктендіру бөлімініңнегізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
- Көріктендіру бөлімінің міндеті:
- аудан тұрғындарына жақсы жағдай жасау үшін санитарлық тазалық, көріктендіру, құрылыс және елді мекендерді көгалдандыру саласындағы жоспарларды, іс-шараларды және нормативтік құқықтық актілерді орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кері байланыс нысандарын жетілдіру және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейін нығайту.
- Көріктендіру бөлімінің құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамамен және Ережемен жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды басқа құрылымдық бөлімшелерден сұрату және алу;
2) бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қала, аудан әкімінің тапсырмаларын орындауға қажетті анықтамалар, ақпараттар, аналитикалық материалдар дайындау үшін барлық жетекшілік ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру және өзара әрекет ету;
3) бөлім өкілеттігіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық материалдар, есептер дайындау;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру, қызметтік корреспонденцияны орындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;
5) ҚР Конституциясын, Заңдарын, ҚР Президентінің актілерін, ҚР басқа да құқықтық-нормативтік актілерін бұлжытпай сақтай отырып, заңдық принциптерді басшылыққа алу;
6) ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтар мен міндеттерді іске асыру.
7) өтініштерді талдау және өтініш иелері көтерген жүйелі мәселелерді анықтау.
- Көріктендіру бөлімінің функциялары:
1) «Елді мекендердегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету» (жолдарды, тротуарларды, арық желілерін, жерасты және жер үсті өткелдерін санитарлық тазалау, дәретханалар мен биотуалеттерді орнату және күтіп ұстау, сенбіліктерді құрал-саймандармен қамтамасыз ету), «Елді мекендерді көріктендіру және көгалдандыру» (санитарлық кесу, саябақтарды, скверлерді, аллеяларды, жағалауларды, жасыл аймақтарды, бөлу белдеуін күтіп ұстау, автосуару жүйесін күтіп ұстау, "Қатысу бюджеті" жобаларын, скверлерді, саябақтарды және т. б. іске асыру.) бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу процесін үйлестіру;
2) «Елді мекендердегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету» (жолдарды, тротуарларды, арық желілерін, жерасты және жер үсті өткелдерін санитарлық тазалау, дәретханалар мен биотуалеттерді орнату және күтіп ұстау, сенбіліктерді құрал-саймандармен қамтамасыз ету), «Елді мекендерді көріктендіру және көгалдандыру» (санитарлық кесу, саябақтарды, скверлерді, аллеяларды, жағалауларды, жасыл аймақтарды, бөлу белдеуін күтіп ұстау, автосуару жүйесін күтіп ұстау, "Қатысу бюджеті" жобаларын, скверлерді, саябақтарды және т. б. іске асыру.) бағдарламалары бойынша жабдықтаушылармен көрсетілген қызметтерінің орындалу мерзімі мен сапасы бойынша шаралар жүргізу;
3) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары шеңберінде аудан аумағын жарықтандыру, көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық тазалық салаларындағы мемлекеттік сатып алу сынақтарына қатысушыларға арнап сынаққа қатысу үшін берілетін құжаттарының техникалық сипаттамаларын дайындау;
4) келісім-шарттардың орындалу барысын қадағалау, атқарылып жатқан жұмыстардан кемшіліктер табылған жағдайда кемшілік актілерін түзету және қызмет көрсетушілерден көрсетілген кемшіліктердің түзетілуін талап ету. Атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер актілеріне қол қою, оның сақталуына жауап беруі;
5) мемлекеттік қабылау комиссияларының жұмыстарына қатысу;
6) аудан әкімі аппаратының бюджетін қалыптастыру жөніндегі жұмысқа қатысу, «Елді мекендердегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету», «Елді мекендерді көріктендіру және көгалдандыру» мәселелері бойынша жұмыстар мен қызметтердің техникалық-эконмикалық қажеттілігін дәлелдейтін ақпараттар дайындау;
7) Қала құрылысын бақылау және Жер қатынастары басқармасының өкілдерімен бірлесе отырып заңсыз құрылыстың, үй құрылыстарын заңсыз өзгертулердің, жерлерді басып алу жағдайларының алдын алу;
8) Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасымен бірлесіп арық желілерін салу, реконструкциялау объектілерінің мониторингтеу;
9) аудан аумағында орналасқан кәсіпорындармен, ұйымдармен, білім беру, мәдениет мекемелерімен бірлесіп санитарлық тазалық және көгалдандыру бойынша маусымдық (көктемде-күзде) жұмыстарыды ұйымдастыру және жүргізу;
10) бақтар мен саябақтарда көктемгі-күзгі мезгілде жасыл желектердің егілуін және арғы жерде олардың сақталуы мен күтілуін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
11) көріктендіруге ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру (жаяу жүргіншілер аймақтары, аллеялар, саябақтар, скверлер, жерасты және жер үсті өткелдері және т. б.);
12) өзен арналарын тазарту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
13) сыртқы жарықтандыру желілерін реконструкциялау, салу және жөндеу жөніндегі жұмыстардың орындалу барысына перспективалық жоспарларын әзірлеу;
14) инженерлік желілер мен жол инфрақұрылымын салу, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау және күрделі жөндеу жобаларын әзірлеу;
15) елді мекендерді сыртқы жарықпен үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау;
16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданда жарықтандыру бойынша конкурстық өтінімдерді дайындау және Мемлекеттік сатып алуға қатысу бойынша әлеуетті өнім берушілер үшін конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігін ұйымдастыру және дайындау;
17) жол инфрақұрылымының құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ мердігер ұйымдар жұмыстарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
18) жол инфрақұрылымын дамытудың ағымдағы және перспективалық жоспарлары - болжамдарын әзірлеуді ұйымдастыру (жолдарды ағымдағы жөндеу);
19) жолдарды ағымдағы жөндеу, сондай-ақ көше-жол желілерінің жаңа құрылысы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
20) жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуге есептер жасау;
21) көше-жол желісін ағымдағы жөндеуді, оның ішінде бордюрлерді рихтауды, аудан бөлінісінде люктерді қалпына келтіруді талап ететін көшелерді талдау және мониторингтеу;
22) жолдардың жай-күйіне мониторинг жүргізу, жолдарды, тротуарларды орташа жөндеуге Алматы қаласы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасымен өтінімдер жасау;
23) жол белгілерін орнату, таңбалау, бағдаршам объектілерін орнату мәселелері бойынша Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасымен өзара іс-қимыл жасау;
24) жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру;
25) ақаулы актіні жасау үшін ауданның жолдары мен тротуарларының жай-күйі бойынша қызметтерді жеткізушімен бірлесіп мониторинг жүргізу;
26) техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сай аудан аумағындағы балалар ойын алаңдарының қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
27) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 729-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және әкімшілік жаза қолдану жөніндегі Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі орынбасарының жұмысын ұйымдастыру.
- Көріктендіру бөлімінің жұмыстарын ұйымдастыру
- Көріктендіру бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
- Бөлімді қызметіне Қазақстан Республикасындағы заңдар белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
- Бөлім басшысы бөлімінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы аудан әкіміне бөлімнің штаттық саны және құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді.
12. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.