Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі туралы ереже

    Алмалы ауданы Әкімінің аппараты

    БЕКІТІЛДІ

    Алматы қаласы Алмалы ауданы

    әкімінің 2026 жылғы « » қаңтар

    № /к өкімі

    «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппараты»

    коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

    ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі туралы ереже

    1. Жалпы ережелер
    1. Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
    2. Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    3. Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласының әкімі бекітеді.
    4. Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі 3 қызметкерден тұрады:

    1) Бөлім басшысы;

    2) Бас инспектор;

    3) Бас маман.

    1. Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің

    мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

    1. Ұйымдастыру және бақылау жұмысы ету бөлімінің мақсаты:
    • "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кері байланыс нысандарын жетілдіру және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейін нығайту;
    • Алматы қаласы әкімі аппаратының және Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің тапсырмаларын бақылауды қамтамасыз ету;
    • аудан әкімінің аудан аумағындағы өкілді және атқарушы органдармен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын жүзеге асыру;
    • өз құзыреті шегінде қала әкімі мен аудан әкімінің тапсырмаларын орындалуына талдауды жүзеге асыру.
    1. Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің құқықтары және міндеттері:

    1) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттар мен бөлімнің құзырына жатқызылған материалдарды сұрауға және алуға;

    2) басшылыққа заңдардың және ережелердің белгіленген талаптарын бұзған қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізуге;

    3) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан аудан әкімінің, орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмаларын орындау бойынша мәліметтерді уақытылы тапсыруы жөнінде талап етуге;

    4) еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауға, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияларды сақтауға және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңында айқындалған міндеттерді орындау.

    5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру, қызметтік корреспонденцияны орындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;

    6) өтініштерді талдау және өтініш иелері көтерген жүйелі мәселелерді анықтау.

    1. Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің функциялары:
    • аудан әкімінің халықпен есептік кездесулерін ұйымдастыру;
    • аудан әкімінің аппарат, жоспарлық және басқа жиналыстарын ұйымдастыру, хаттамалар жүргізуді, тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
    • бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімнің азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру;
    • аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін тіркеу, қажет болған жағдайда қалалық БАҚ жариялау;
    • аудан әкімінің құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапаттау мәселесі бойынша құжаттарды дайындауды және келістірудің қамтамасыз ету.
    • баспа-бланктік өнімдерді есепке алу, пайдалану, сақтау және жою;
    • бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша іс-шараларды (стенограмма, хаттама) өткізу қорытындылары бойынша құжаттардың жобаларын дайындау;
    • Алмалы ауданы әкімі аппаратының бөлімдерінде хаттамалық тапсырмалардың орындалу туралы аппарат басшысына талдау материалдарын дайындау және бақылау тапсырмаларының орындалу барысына талдауды қамтамасыз ету
    • Алматы қаласы әкімі мен Алмалы ауданы әкімі бекіткен жоспарлардың, тапсырмалардың және өкімдердің орындалуын құрылымдық бөлімшелер мен Алмалы аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері тарапынан бақылауды қамтамасыз ету.
    1. Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің қызметін ұйымдастыру
    1. Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
    2. Бөлімді қызметіне Қазақстан Республикасындағы заңдар белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
    3. Бөлім басшысы бөлімінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
    4. Бөлім басшысы аудан әкіміне бөлімнің штаттық саны және құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді.

    12. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

    Жүктеу
    Положение об отделе организационной и контрольной работы
    Положение об отделе организационной и контрольной работы
    DOCX · 18 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігі аппаратының телефон анықтамалығы

    Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігі аппаратының телефон анықтамалығы

    Алмалы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Есеп

    Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2026 жылы 6 айлықта атқарған жұмысы туралы есебі

    Алмалы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі туралы ереже

    БЕКІТІЛДІ Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2026 жылғы « » қаңтар № /к өкімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемесініңкәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі туралы ереже...

    Алмалы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі туралы ереже

    БЕКІТІЛДІ Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2026 жылғы « » маусым № /к өкімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» мемелекеттік коммуналдық мекемесінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ту...

    Алмалы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    Мемлекеттік-құқықтық бөлімі туралы ереже

    БЕКІТІЛДІ Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2026 жылғы « » қаңтар № /к өкімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі туралы ереже Жалпы ережеле...

    Алмалы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже

    БЕКІТІЛДІ Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2026 жылғы « » қаңтар № /к өкімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже Жалпы ереж...

    Алмалы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    Коммуналдық шаруашылық бөлімі туралы ереже

    БЕКІТІЛДІ Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2026 жылғы « » қаңтар № /к өкімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің коммуналдық шаруашылық бөлімі туралы ереже Жалпы ереже...

    Алмалы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    Көріктендіру бөлімі туралы ереже

    БЕКІТІЛДІ Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2026 жылғы « » қаңтар № /к өкімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көріктендіру бөлімі туралы ереже Жалпы ережелер Көрік...

    Алмалы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: