Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі туралы ереже

    Алмалы ауданы Әкімінің аппараты

    БЕКІТІЛДІ

    Алматы қаласы Алмалы ауданы

    әкімінің 2026 жылғы « » маусым

    № /к өкімі

    «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты»

    мемелекеттік коммуналдық мекемесінің

    жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі туралы ереже

    1. Жалпы ережелер
    1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ««Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
    2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласының әкімі бекітеді.
    4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 11 қызметкерден тұрады:

    1) Бөлім басшысы – 1 бірлік;

    2) Бас инспектор – 10 бірлік.

    1. Қоғамдық даму бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
    1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің міндеті:
    • мүгедектерді әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу.
    • Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген жеңілдіктер мен кепілдіктерді Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы аналарға қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету.
    • әлеуметтік жағынан аз қамтылған аудан халқына әлеуметтік көмек көрсету.
    • "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кері байланыс нысандарын жетілдіру және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейін нығайту.
    1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құқығы және міндеттері:

    1) заңнамамен және Ережемен жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды басқа құрылымдық бөлімшелерден сұрату және алу;

    2) бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қала, аудан әкімінің тапсырмаларын орындауға қажетті анықтамалар, ақпараттар, аналитикалық материалдар дайындау үшін барлық жетекшілік ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру және өзара әрекет ету;

    3) бөлім өкілеттігіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық материалдар, есептер дайындау;

    4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру, қызметтік корреспонденцияны орындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;

    5) ҚР Конституциясын, Заңдарын, ҚР Президентінің актілерін, ҚР басқа да құқықтық-нормативтік актілерін бұлжытпай сақтай отырып, заңдық принциптерді басшылыққа алу;

    6) ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтар мен міндеттерді іске асыру.

    7) өтініштерді талдау және өтініш иелері көтерген жүйелі мәселелерді анықтау.

    1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің функциялары:
    • мүгедектерді Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;
    • мүгедектерді Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы кресло-арбалармен қамтамасыз ету;
    • мүгедектерді Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
    • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы оларға протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;
    • жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы есту бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі мамандарының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;
    • халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес мүгедек балаларға және психоневрологиялық патологиялары бар он сегіз жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
    • мүгедектерді бұқаралық ақпарат құралдарында жария ете отырып, оларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша аудан халқы мен заңды тұлғалары арасында кездесулер, семинарлар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
    • мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен және аудан мен Алматы қаласының үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау.
    • жергілікті өкілді органдардың шешімі және шартты ақшалай көмек бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 2 ӨМ, 3,4 АЕК, 6,5 АЕК, 12 АЕК,7 АЕК,
      20 АЕК, 50 АЕК, 200 АЕК, зейнеткерлерге шипа-жайда емделу мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындау
    • су мен газ жабдығын есептегіштерге жұмсалған шығындарды өтеу, жеке тұрғын үйдің меншік иесіне ортақ тармақтан үйге дейінгі газ жабдығын жүргізуге және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу.
    • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау;
    • тұрғын үй көмегін тағайындау;
    • мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
    • мерекелік және мерейтойлық күндерге азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыру;
    • халықтың өмір сүру деңгейін талдау, аз қамтылған азаматтарды есепке алу;
    • есептерді, мәліметтерді, ақпаратты дайындау.
    • Жұмыспен қамту картасы мәселелері бойынша экономика салалары бөлінісінде мамандықтар бойынша жұмыс орындарын құру мониторингін қамтамасыз ету.;
    • коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байлнысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 0,5 АЕК мөлшерінде өтемақы мөлшерін әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу жұмыстары;
    • еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу;

    20) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

    21) «Aleumet.kz» әлеуметтік қызметтер порталы арқылы барлық тапсырыстар базасынан түсірулерді қалыптастыру; 22) жасы бойынша зейнеткерлерге санаториялық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсетуге мемлекеттік сатып алу бойынша қаржы бөліміне тапсырумен тиісті құжаттаманы ресімдеу, санаториялық-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке анықтамалар беру, жолдамалар беру; 23) протездік-ортопедиялық көмекті, қозғалу құралдарымен, сурдотифло құралдарымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу өткізу үшін техникалық сипаттама дйындап, қаржы-шаруашылық бөліміне тапсыру;

    24) медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар рәсімдеу;

    25) үйде күту жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге құжаттар рәсімдеу.

    1. Қоғамдық даму бөлімінің жұмыстарын ұйымдастыру
    1. Қоғамдық даму бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
    2. Бөлімді қызметіне Қазақстан Республикасындағы заңдар белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
    3. Бөлім басшысы бөлімінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
    4. Бөлім басшысы аудан әкіміне бөлімнің штаттық саны және құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді.
    5. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
    Жүктеу
    Положение об отделе занятости и социальных программ аппарата акима Алмалинского района города Алматы
    Положение об отделе занятости и социальных программ аппарата акима Алмалинского района города Алматы
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігі аппаратының телефон анықтамалығы

    Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігі аппаратының телефон анықтамалығы

    Алмалы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Есеп

    Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2026 жылы 6 айлықта атқарған жұмысы туралы есебі

    Алмалы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі туралы ереже

    БЕКІТІЛДІ Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2026 жылғы « » қаңтар № /к өкімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемесініңкәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі туралы ереже...

    Алмалы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі туралы ереже

    БЕКІТІЛДІ Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2026 жылғы « » қаңтар № /к өкімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі туралы ереже Жалпы...

    Алмалы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    Мемлекеттік-құқықтық бөлімі туралы ереже

    БЕКІТІЛДІ Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2026 жылғы « » қаңтар № /к өкімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі туралы ереже Жалпы ережеле...

    Алмалы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже

    БЕКІТІЛДІ Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2026 жылғы « » қаңтар № /к өкімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже Жалпы ереж...

    Алмалы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    Коммуналдық шаруашылық бөлімі туралы ереже

    БЕКІТІЛДІ Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2026 жылғы « » қаңтар № /к өкімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің коммуналдық шаруашылық бөлімі туралы ереже Жалпы ереже...

    Алмалы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    Көріктендіру бөлімі туралы ереже

    БЕКІТІЛДІ Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2026 жылғы « » қаңтар № /к өкімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көріктендіру бөлімі туралы ереже Жалпы ережелер Көрік...

    Алмалы ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: