БЕКІТІЛДІ
Алматы қаласы Алмалы ауданы
әкімінің 2026 жылғы « » қаңтар
№ /к өкімі
«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
мемлекеттік-құқықтық бөлімі туралы ереже
- Жалпы ережелер
- Мемлекеттік-құқықтық бөлімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Мемлекеттік-құқықтық бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласының әкімі бекітеді.
- Мемлекеттік-құқықтық бөлімі 3 қызметкерден тұрады:
1) Бөлім басшысы;
2) Бас инспектор;
3) Бас маман.
- Мемлекеттік-құқықтық бөлімініңнегізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
- Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің міндеті:
- Қазақстан Республикасының Заңдарының, Президентінің Жарлықтарының, Үкіметінің қаулыларының, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларының, Алматы қаласы әкімінің шешімдерінің, Алматы қаласы мәслихатының шешімдерінің, Алмалы ауданы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын жүзеге асыру;
- "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кері байланыс нысандарын жетілдіру және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейін нығайту.
- Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің құқығы және міндеттері:
1) заңнамамен және Ережемен жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды басқа құрылымдық бөлімшелерден сұрату және алу;
2) бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қала, аудан әкімінің тапсырмаларын орындауға қажетті анықтамалар, ақпараттар, аналитикалық материалдар дайындау үшін барлық жетекшілік ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру және өзара әрекет ету;
3) бөлім өкілеттігіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық материалдар, есептер дайындау;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру, қызметтік корреспонденцияны орындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;
5) ҚР Конституциясын, Заңдарын, ҚР Президентінің актілерін, ҚР басқа да құқықтық-нормативтік актілерін бұлжытпай сақтай отырып, заңдық принциптерді басшылыққа алу;
6) ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтар мен міндеттерді іске асыру;
7) өтініштерді талдау және өтініш иелері көтерген жүйелі мәселелерді анықтау.
- Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің функциялары:
1) аудан әкімі аппаратының барлық бөлімдерімен Алмалы ауданы әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларын әзірлеуде заңдылығын қамтамасыз ету.
2) нормативтік құқықтық актілеріне талдау жүргізу;
3) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы мәселелер бойынша комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету;
4) құқықтық білім беру мектебінің жұмысын ұйымдастыру;
5) аудан аумағындағы құқықтық тәртіпті қорғау, қылмысқа және жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру бойынша құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын және үйлестіруді қамтамасыз ету;
6) әкімнің қарауына ауданда сыбайлас жемқорлыққа, қылмысқа қарсы күрес және құқықтық тәртіпті нығайту бойынша аудан әкімінің шешімдер мен өкімдер жобаларын енгізеді, осы сала бойынша құқық қорғау органдарының қызметін өзара әрекетін үйлестіреді орындалуын бақылайды.
7) аудан аумағанда қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
8) азаматтардың қылмыстық қастандықтан және бұзушылықтан, конституциялық құқықтары мен заңды мүддесін қорғау;
9) соттарда аудан әкімі мен аппаратының мүдделерін қорғау және ұсыну, прокурорлық назар аудару актілерін қарау;
10) алқабилерге үміркерлердің бастапқы және қосалқы тізімін дайындау;
11) ауданның қоғамдық медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
12) аудан әкімінің қызметін ақпараттық-аналитикалық, құқықтық қамтамасыз ету.
- Мемлекетік-құқықтық бөлімінің қызметін ұйымдастыру
- Мемлекеттік-құқықтық бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
- Бөлімді қызметіне Қазақстан Республикасындағы заңдар белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
- Бөлім басшысы бөлімінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы аудан әкіміне бөлімнің штаттық саны және құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді.
- Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.