Ислам Кәрімов көшесі, 56 мекенжайындағы аула абаттандырылды

    1 / 9

    Биыл «Халық қатысатын бюджет» (ХҚБ) жобасы аясында Ислам Кәрімов көшесі, 56 мекенжайындағы тағы бір аула абаттандырылды.

    Бұл жоба аула аумағын кешенді жаңартудың ғана емес, тұрғындардың ұйымшылдығы мен тату көршілігінің де жарқын үлгісіне айналды. Жоба авторы Алма Башикова тұрғындарды ортақ мақсатқа жұмылдырып, дауыс беру барысында бастаманың қолдау табуына ықпал етті. Ал жұмыстардың аяқталуын тұрғындар бірлесіп ұйымдастырылған мерекемен атап өтті.

    Ауланы абаттандыру аясында бірқатар жұмыс атқарылды. Аумақ көгалдандырылып, газон егілді және гүлзарлардың айналасына қоршаулар орнатылды. Балалар алаңы жаңартылып, қауіпсіз резеңке жабын төселді.

    Белсенді демалыс пен спортқа қолайлы жағдай жасау үшін сапалы жабыны, қоршауы және жарықтандыру жүйесі бар футбол алаңы салынды. Сонымен қатар воркаут-аймағы абаттандырылып, төрт көше тренажёры орнатылды.

    Бұдан бөлек, аулаға жаңа брусчатка төселіп, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен сыртқы жарық шамдары орнатылды. Нәтижесінде аула тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы қоғамдық кеңістікке айналды.

    Мұндай бастамалардың жүзеге асуы тұрғындардың белсенділігі мен қолдауы арқылы аулаларды жаңартып, демалыс пен спортқа қолайлы жағдай жасауға және көршілер арасындағы татулықты нығайтуға болатынын көрсетеді.

    Белсенділік танытып, ортақ іске бейжай қарамаған тұрғындарға алғыс айтамыз! Осындай бастамалардың арқасында ауданымыз көркейіп, өмір сүруге қолайлы әрі жайлы бола түседі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алмалы ауданы Әкімінің аппараты" жаңалықтары