ШҚО-да алкоголь ішкен жасөспірімдер бейнебақылау камераларына түсіп қалған
Өскемен қаласында полицияның жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орында кәмелетке толмағандардың алкоголь ішкені анықталды.
Бейнежазбалардан төрт жасөспірімнің Егорова көшесіндегі тұрғын үй ауласында сыра ішіп отырғаны көрінеді. Әрбір дерек бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Жасөспірім шақта ішімдік ішу балалардың денсаулығы мен дамуына қауіп төндіреді. Ал қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу ата-аналардың балаларының бос уақытын өткізуі мен мінез-құлқына көбірек көңіл бөлуі қажет екенін көрсетеді.
Полиция ересектерді балалардың қайда және қалай уақыт өткізетініне назар аударуға, олардың өміріне бейжай қарамай, осындай жағдайлардың алдын алу үшін дер кезінде шара қабылдауға шақырады.
«Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі









