25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесіне орай Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мерекеге орай жеке құрамның қатысуымен салтанатты жиын өткізіліп, қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан қызметкерлер ведомстволық наградалармен марапатталды. Сонымен қатар, бірқатар қызметкерге алғыс хаттар табысталып, олардың кәсіби еңбегі мен қызметтік жетістіктері атап өтілді.
Ұлттық мерекеге орай қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан азаматтардың рухына тағзым етіліп, ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсіміөткізілді.
Республика күні – елдігімізді айшықтайтын, ұлттық бірлігімізді нығайтып, тәуелсіздігіміздің қадірін ұғындыратын маңызды мереке.Бұл күн – Отанға адал қызмет етудің, ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызын тағы бір мәрте айқындайтын ерекше күн.
Маңғыстау облысы ТЖД









