Қызметкерлер — Алмалы ауданы Әкімінің аппараты

    Алмалы ауданы Әкімінің аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Шамшин Арман Нұржанұлы
    Әкім

    Шамшин Арман Нұржанұлы

    Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі

    Арман Шамшин 1986 жылы дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін (экономика факультеті), Пекин университетін (әлеуметтану) бітірген. Nazarbayev University Жоғары бизнес мектебінің басшылары үшін іскерлік әкімшілендіру магистрі (Executive MBA) дәрежесіне ие.

    Төлеген Әкімхан Әзімханұлы
    Әкімінің орынбасары

    Төлеген Әкімхан Әзімханұлы

    Алмалы ауданы әкімнің орынбасары

    1993 жылы 18 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында туған. 2015 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «туризм» мамандығы бойынша, 2017 жылы Алматы Менеджмент Университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

    КөріктендіруҮКШ
    Құрманбек Олжас Құрманбекұлы
    Әкімінің орынбасары

    Құрманбек Олжас Құрманбекұлы

    Алмалы ауданы әкімінің орынбасары

    1986 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. Білімі: 2008 жылы – ҚазГЗУ Алматы заң академиясы «юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтаған. 2011 жылы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған. 2013 жылы – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп
    Қалдарбеков Ербол Оспанұлы
    Әкімінің орынбасары

    Қалдарбеков Ербол Оспанұлы

    Алмалы ауданы әкімінің орынбасары

    1996 жылы Алматы зооветеринарлық институтын «ветеринариялық дәрігер» мамандығы бойынша аяқтаған. 2003 жылы Мемлекеттік қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

    МәдениетАлмалы аудандық Ардагерлер кеңесіҚоғамдық даму бөлімі

    Басқа қызметкерлер

    11
    Байділдаев Рүстем Оразұлы
    Бөлім басшысы

    Байділдаев Рүстем Оразұлы

    Алмалы ауданы әкімі аппаратының инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің басшысы

    1986 жылғы 8 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қаратау ауылында туған. 2004 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Су ресуртары және суды қолдану» мамандығы бойынша, 2009 жылы Қазақстанның көпсалалы Парасат институтын «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтады.

    Сламбек Аман Сағынтайұлы
    Бөлім басшысы

    Сламбек Аман Сағынтайұлы

    Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

    1998 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Білімі: Д. А. Қонаев атындағы Университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап, жоғары заң білімін алған.

    СайлауӘдеп жөніндегі уәкіл
    Балабаева Айгерим Ибрагимовна
    Бөлім басшысы

    Балабаева Айгерим Ибрагимовна

    Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

    Балабаева Айгерим Ибраимовна , 1990 жылы 2 желтоқсанда Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында (бұрынғы Қарағанды облысы) дүниеге келген. 2008–2012 жж. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті «Тарих» мамандығы бойынша білім алды. 2013–2015 жж. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің магистратурасында оқыды. 2016–2018 жж. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша оқыды.

    Мәдениет
    Токсанбаев Нурдаулет Садуахасұлы
    Бөлім басшысы

    Токсанбаев Нурдаулет Садуахасұлы

    Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімінің басшысы

    Тоқсанбаев Нұрдәулет Сәдуақасұлы 1991 жылы 3 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Қ. и. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін бітірген 2019 жылы Мәскеу гуманитарлық университетін бітірді

    Көріктендіру
    Кошенов Ельдос Курбаналиевич
    Бөлім басшысы

    Кошенов Ельдос Курбаналиевич

    Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы

    Кошенов Ельдос Құрбанәліұлы 1990 жылғы 23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2012 жыл — М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. 2014 жыл — Ресей халықтар достығы университеті.

    Нуртаева Индира Абзелғожақызы
    Бөлім басшысы

    Нуртаева Индира Абзелғожақызы

    Алматы қаласының қоғамдық даму бөлімінің басшысы

    Нуртаева Индира Абзелғожақызы 24 қазан 1976 жылы туылған. Туған жері Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы. 2007 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Институтын бітірген, мамандығы бойынша: Шетел тілі мұғалімі (ағылшын,неміс тілдері) От басы жағдайы тұрмыста, үш баласы.

    Денсаулық сақтауҚоғамдық даму бөлімі
    Бақтияров Гапур Әлікұлы
    Бөлім басшысы

    Бақтияров Гапур Әлікұлы

    Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы

    Бақтияров Гапур Аликұлы, 1981 жылы 17 мамырда, Алматы облысы, Кербұлақ Ауданы, Көк-су ауылында дүниеге келдім. 2006 жыл - Қазақ Ұлттық аграрлық университеті 2015 жыл - І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті

    Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп
    Корпебаева Айгуль Мухтаргазиновна
    Бөлім басшысы

    Корпебаева Айгуль Мухтаргазиновна

    Алмалы ауданы әкімі аппаратының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Білімі: 1994ж. Алматы тұрмыстық қызмет көрсету және жеңіл өнеркәсіп технологиялық колледжін технолог мамандығы бойынша бітірген. 2009 ж. Д.А Қонаев атындағы университетін заң бакалавры маманды бойынша бітірген.