
Байділдаев Рүстем Оразұлы
Алмалы ауданы әкімі аппаратының инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1986 жылғы 8 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қаратау ауылында туған.
2004 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Су ресуртары және суды қолдану» мамандығы бойынша, 2009 жылы Қазақстанның көпсалалы Парасат институтын «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтады.
Рүстем Оразұлы өзінің еңбек жолын 2007 жылдың наурызында «Алматы паркинг» МКМ бақылаушысы болып қызмет атқарды.
2009 жылдың наурызынан 2009 жылдың казанына дейін Жетісу ауданы әкімінің аппараты коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекші маманының м.а., жетекші маманы қызметін атқарды.
2009 жылдың қазанынан 2023 жылдың мамырына дейін Алмалы ауданы әкімінің аппараты көріктендіру бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.
2023 жылдың мамырында Алмалы ауданы әкімінің аппараты инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.



