
Қалдарбеков Ербол Оспанұлы
Алмалы ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1996 жылы Алматы зооветеринарлық институтын «ветеринариялық дәрігер» мамандығы бойынша аяқтаған.
2003 жылы Мемлекеттік қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2009 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
2003 жылы – Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппаратының нарықтық қатынастарды дамыту бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы.
2003 жылғы 1 желтоқсаннан 2006 жылғы 2 наурызға дейін – Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппаратының нарықтық қатынастарды дамыту бөлімінің бас маманы.
2006 жылғы 2 наурыздан 2006 жылғы 27 қарашаға дейін – Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппаратының нарықтық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы.
2006 жылғы 27 қарашадан 2007 жылғы 14 маусымға дейін – Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппаратының кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімінің басшысы.
2007 жылғы 3 тамыздан 2007 жылғы 23 қазанға дейін – Алматы қаласы Мұрағаттар және құжаттама басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығының міндетін атқарушы.
2007 жылғы 23 қазаннан 2008 жылғы 17 шілдеге дейін – Алматы қаласы Мұрағаттар және құжаттама басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы.
2008 жылғы 17 шілдеден 2008 жылғы 21 шілдеге дейін – Алматы қаласы Қазынашылық департаментінің әкімшілік бөлімінің бастығы.
2008 жылғы 21 шілдеден 2009 жылғы 21 қаңтарға дейін – Алматы қаласы Қазынашылық департаментінің мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігінің жай-күйін бақылау бөлімінің жетекші маманы – жетекші қазынашысы.
2009 жылғы 17 қарашадан 2009 жылғы 1 желтоқсанға дейін – Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бастығының міндетін атқарушы.
2009 жылғы 1 желдеден 2010 жылғы 13 сәуірге дейін – Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бастығы.
2010 жылғы 13 сәуірден 2013 жылғы 28 ақпанға дейін – Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы.
2013 жылғы 28 ақпаннан 2013 жылғы 24 қазанға дейін – Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы.
2013 жылғы 20 желдеден 2019 жылғы 17 қыркүйекке дейін – Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі кеңесшісі-үйлестірушісі.
2020 жылғы 23 қарашадан 2020 жылғы 15 желтоқсанға дейін – Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының міндетін атқарушы.
2020 жылғы 15 желтоқсаннан 2025 жылғы 6 қазанға дейін – Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
2025 жылғы 7 қазаннан бастап – Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.



