Ақтау қаласының 20А шағын ауданында инженерлік желілерді тарту және абаттандыру жұмыстары толық аяқталды.
Жоба аясында су, кәріз және жылу жүйелерінің жаңа инженерлік желілері тартылып, жарық бағаналары орнатылды. Сонымен қатар 1 шақырымға жуық автокөлік және жаяу жүргіншілер жолы салынды. Жол таңбалары сызылып, жол белгілері орнатылды.
– Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Нысанды белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар алдағы уақытта аумақты жарықтандыру жұмыстары жүзеге асырылатын болады, – деді Ақтау қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Самат Қылышбай.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









