«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 213 қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес қоғамдық талқылаулар өткізілетіні туралы хабарлайды:
1) «Астана қаласындағы Хұсейн бен Талал көшесі, Тұран даңғылы және Қабанбай батыр даңғылының қиылысы ауданындағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын» әзірлеу (қонақүй кешені, бизнес-орталықтар, медициналық орталықтар, стационар, көпфункционалды кешен, сән үйі, ТҚ).
Тапсырыс беруші «Назарбаев Университеті» ДББҰ.
2) «Астана қаласындағы Ұлы дала даңғылы мен Ш. Айтматов көшесінің қиылысы ауданындағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын» әзірлеу (көппәтерлі тұрғын үй кешендері).
Тапсырыс беруші «NGL» ЖШС.
3) «Ұлы дала даңғылы мен Ш. Айтматов көшесі ауданындағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын» әзірлеу (көппәтерлі тұрғын үй кешендері, балабақша, ТҚ).
Тапсырыс беруші «Orken Kala Construction» ЖШС.
4) «Астана қаласындағы Қорғалжын тас жолынан солтүстікке қарай, Есіл өзенінен оңтүстікке қарай орналасқан аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын» әзірлеу (автотұрағы бар көппәтерлі тұрғын үй кешендері, парк, мектептер, балабақшалар, СОО, емхана).
Тапсырыс беруші «Opus Build» ЖШС.
Қоғамдық талқылаулар 2026 жылғы 23 қараша, сағат 10:00-де, Сарыарқа даңғылы, 13, 2 қабат (мәжіліс залы) мекенжайы бойынша өтеді.
📧 Дәлелді ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталған күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде [email protected] электрондық мекенжайға немесе Астана қ., Ә. Мәмбетов к-сі, 24-үй мекенжайындағы ұсыныстар жәшігінде (холл) қолма-қол қабылданады.
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









