Минск, 2026 жылғы 4 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Максим Рыженковпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Беларусь арасындағы қатынастардың дәйекті дамуын қанағаттанушылықпен атап өтіп, саяси диалогты одан әрі нығайтуға және екіжақты күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіліктерін растады.
Сол күні Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Беларусь сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Ермұхамбет Қоныспаев пен Павел Утюпин деңгейінде екіжақты саяси консультациялар өтті.
Консультациялар барысында тараптар Қазақстан мен Беларусь арасындағы екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, өңірлік интеграциялық бірлестіктер мен басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі одан арғы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялардың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь сыртқы істер министрліктерінің 2027–2028 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды. Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін растады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









