Қазақстан СІМ-де Кувейт Елшісімен кездесу өтті

    1 / 6

    Астана, 2026 жылғы 4 қараша– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Кувейт Мемлекетінің Қазақстандағы Елшісі Әдел Әл-Ғунайманмен кездесті.

    Кездесу барысында 2026 жылғы 29 қазанда Әл-Кувейт қаласында өткен екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы кезекті саяси консультациялардың қорытындылары талқыланды.

    Екіжақты ынтымақтастық тетіктерін түрлі бағыттар бойынша жетілдіруге, сондай-ақ алдағы өзара сапарлар мен кездесулерді ұйымдастыру және олардың мазмұнын пысықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" жаңалықтары