Шанхайдың сараптамалық орталықтары Қазақстанды орта держава ретінде мойындайды

    1 / 6

    Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығы Республика күнін мерекелеу аясында «Қазақстан Тәуелсіздігіне 35 жыл: мемлекеттік даму қорытындылары және қазақ-қытай ынтымақтастығының жаңа көкжиектері» атты дөңгелек үстел өткізді.

    Іс-шараға Шанхай қаласы мен Чжэцзян провинциясының талдау орталықтарының, ғылыми мекемелерінің және жоғары оқу орындарының (SIIS, SASS, SISU, ECNU, ZUFE) өкілдері, қазақстандық магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ онлайн форматта баяндама жасаған Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен ҚР СІМ Сыртқы саяси зерттеулер институтының сарапшылары қатысты.

    Бас консул Нұрлан Аққошқаров Қазақстанның мемлекеттік құрылыс, экономика және халықаралық беделін нығайту салаларындағы жетістіктерін, сондай-ақ мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікке негізделген қазақ-қытай қатынастарының қарқынды дамуын атап өтті.

    Қытайлық сарапшылар Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жоғары бағалады. Олар Қазақстанның орта держава әрі өңірлік қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ететін Еуразиядағы негізгі байланыстырушы буын ретіндегі рөлін атап көрсетті.

    Қатысушылар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект, бірлескен өндірістер, кадр даярлау және ғылыми зерттеулер сияқты салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударды. Сарапшылар Транскаспий халықаралық көлік бағытының Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік дәліз ретіндегі стратегиялық маңызын және оның «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен өзара байланысын атап өтті.

    Қытайлық ғалымдардың пікірінше, екі ел басшыларының жетекшілігімен Қазақстан мен Қытай өзара қатынастардың «алтын отыз жылдығы» дәуіріне қадам басты. Бұл өзара сенімді, практикалық ынтымақтастықты, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндіктер ашады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" жаңалықтары