Астанадағы есірткі дүкендеріне қатысты сот практикасы: ұйымдастырушылар мен қатысушылар 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

    Астанада «San-Andreas», «MOOZ», «Zadira» және «Царство Аида» есірткі дүкендеріне қатысты істер бойынша сот практикасы қалыптасты. Үш сот үкімі заңды күшіне енді.

    Қылмыстық топтардың құрылымы анықталды: ұйымдастырушылар, қойма қызметін де атқарған куратор және есірткі жасырын орындарға орналастырумен айналысқан курьерлер.

    Ұйымдасқан қылмыстық топтардың барлығы 18 мүшесі 16 және 17 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ақша қаражаттары, цифрлық активтер, мүлік пен автокөліктер мемлекет кірісіне тәркіленді.

    Астана қаласының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының прокуратурасы" жаңалықтары