Ақшаға балаларды балабақшаға орналастыруға уәде берді: Астана тұрғыны алаяқтық үшін сотталды

    Қала тұрғыны 8 ай бойы 2ГИС қосымшасы арқылы балаларын балабақшаға орналастырғысы келген ата-аналарды іздеп тапты.

    Олармен байланысып, ол өз қызметтерін ұсынып, таныстары арқылы мектепке дейінгі мекемеде орын алуға көмектесетініне сендірді.

    Оның уәделеріне сенген 9 тұрғын оған 590 мың теңге сомасында ақшалай қаражат аударды.

    Сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

    Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

    Қала прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және мектепке дейінгі ұйымдарға орындарды бөлу мәселелері бойынша тек ресми порталдар мен уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы жүгінуге шақырады.

    Астана қаласының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының прокуратурасы" жаңалықтары