Астана прокуратурасының нұсқамасы ірі инвестордың мүлкінен ауыртпалықты алуға мүмкіндік берді

    Астана прокуратурасы JCB, Hino және Valtra арнайы техникасын құрастыратын зауыт салу бойынша ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан «Orbis Heavy Machinery» ЖШС-нің құқықтарын қорғады.

    Жобаға салынатын инвестиция көлемі – 1,3 трлн теңге.

    Инвестор «Astana» ӘКК» АҚ алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында сатып алған өндірістік ғимаратын кепілге берген. Қаржылық міндеттемелерін мерзімінен бұрын толық орындағанына қарамастан, жылжымайтын мүліктегі ауыртпалық уақытылы алынбаған.

    Сақталған кепіл жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру үшін қажетті банктік қаржыландыруды тартуға кедергі келтірді және зауыттың одан әрі құрылысын тоқтату қаупін тудырды.

    Инвестордың құқығын қорғау мақсатында елорда прокуратурасы заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізді. Нәтижесінде прокуратураның талаптары толық орындалып, инвестордың жылжымайтын мүлкіндегі ауыртпалық төрт жұмыс күні ішінде алынды.

    Бұл инвесторға қарыз қаражатын тартуды жалғастырып, зауыт құрылысының екінші кезегін іске асыруға кірісуге мүмкіндік берді.

    Еске саламыз, кәсіпкерлер мен инвесторлардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында прокуратураның мобильді тобы жұмыс істейді. Байланыс деректері: 8-747-216-15-58 және 115 Call-орталығы.

    Астана қаласының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының прокуратурасы" жаңалықтары