Криминалистика және жаңа технологиялар: ШҚО студенттері полиция жұмысымен танысты

    1 / 5

    Полиция қызметі қалай ұйымдастырылған? Тергеушілер немен айналысады және қылмыстарды ашуға қандай технологиялар көмектеседі? Осы және басқа да сұрақтар бойынша Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттеріне ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Қазбек Тақжанов айтып берді.

    Кездесу студенттерге болашақ мамандығын тек теория жүзінде ғана емес, тәжірибе арқылы да тануға мүмкіндік беретін дуальды оқыту аясында өтті.

    Кездесу барысында Қазбек Тақжанов ішкі істер органдарындағы қызмет, тергеушілер мен анықтаушылардың жұмысы, қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудің ерекшеліктері және полиция қызметкерлеріне қойылатын талаптар туралы әңгімеледі.

    Сондай-ақ ол ІІМ Тергеу департаменті ұйымдастырған республикалық слетке қатысқаны және полиция департаментімен ынтымақтастық орнатқаны үшін университет басшылығы мен ұжымына алғыс білдірді.

    Тергеу және жедел-криминалистикалық басқармаларының, сондай-ақ цифрландыру және жасанды интеллект басқармасының қызметкерлері өз жұмыстары туралы айтып, күнделікті қызметте қолданылатын құралдарды көрсетті.

    Кездесудің ерекше қонағы роботтандырылған ит болды. Полиция қызметкерлері оның мүмкіндіктерін көрсетіп, студенттерді құқық қорғау органдарының жұмысында қолданылатын заманауи техникалық шешімдермен таныстырды.

    Мұндай кездесулер студенттерге болашақ мамандығының ерекшеліктерін тереңірек түсінуге, полицияның түрлі бөлімшелерінің жұмысымен танысуға және кәсіби білім мен заманауи технологиялардың тәжірибеде қалай қолданылатынын көруге мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары