Тауарларды беру пунктінің 19 жастағы қызметкері 14,9 млн теңгеден астам сомадағы тауарларды ұрлағаны үшін сотталды

    Қызметкер маркетплейс қосымшасы арқылы түрлі тауарларға, атап айтқанда, алтын бұйымдарға, киім-кешекке, азық-түлікке және басқа да тауарларға тапсырыс рәсімдеген.

    Тауарларды алған кезде оларды жасырын түрде иемденіп, орнына басқа заттарды қайтару немесе қоймаға өзге заттарды өткізу арқылы тауарларды ауыстырып отырған.

    Мәселен, құны 182 мың теңге болатын алтын сырғаларға тапсырыс беріп, оларды әшекей бұйымдарға ауыстырып, сатушыға қайтарған.

    Барлығы 14,9 млн теңгеден астам сомаға 195 бірлік тауарды ұрлаған.

    Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

    Сот үкімімен оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Жәбірленушінің келтірілген залалды өтеу туралы азаматтық талабы қанағаттандырылды.

    Сот үкімі заңды күшіне енді.

    Астана қаласының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының прокуратурасы" жаңалықтары