Қарағанды облысында еңбек тәуекелдері картасын іске асыру мәселелері талқыланды

    1 / 3

    Ағымдағы жылдың 14 қазанында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары О.Таурбековтің төрағалығымен Еңбек тәуекелдері картасын іске асыру және Картаға енгізілген кәсіпорындардағы жағдай туралы отырыс өтті.

    Отырыс барысында Департамент басшысы баяндама жасап, онда еңбек тәуекелдерін уақтылы анықтауға және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігіне ерекше назар аударды.

    Талқылау қорытындысы бойынша мәліметтердің өзектілігі мен дұрыстығын бақылауды күшейту, кәсіпорындардағы жағдайды объективті бағалау, сондай-ақ еңбек жанжалдарының алдын алуға және өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын уақтылы қабылдау қажеттігі атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" жаңалықтары