🔸 Еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

    🔸 Еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

    Мемлекеттік еңбек инспекторы Айжан Сайфулова «Balqash Tau-ken ondirisi» ЖШС қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін сақтау, сондай-ақ еңбек заңнамасы талаптарын мүлтіксіз орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Қызметкерлерге еңбек қатынастары саласындағы заңнаманың негізгі талаптары, сондай-ақ жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі қағидаларын сақтаудың қажеттілігі түсіндірілді.

    Осындай ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасының бұзылуына жол бермеуге және қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыруға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" жаңалықтары