
Кездесулер барысында тұрғындармен ашық пікір алмасу өтті. Ауыл тұрғындары жергілікті атқарушы органдардың назарын және шешімін қажет ететін өзекті мәселелерді көтерді.
Жансары ауылдық округінде жолдардың жағдайы мен оларды жөндеу, абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ ауыл тұрғындарын толғандыратын басқа да мәселелер талқыланды.
Родников ауылдық округінде тұрғындар жер қатынастары, автомобиль жолдарының жағдайы, елді мекендерді жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Сонымен қатар карьердегі жарылыс жұмыстары салдарынан келтірілген залалды өтеу мәселесі де қозғалды.
Әр кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарымен тікелей жүгінуге мүмкіндік алды.
Түскен өтініштер бойынша түсініктемелер берілді. Жауапты басшыларға көтерілген мәселелерді жан-жақты қарап, оларды шешудің мүмкін жолдарын пысықтау тапсырылды.









