Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы Молодежный кентінде биыл ұзындығы екі шақырымға жуық жылу желісі тартылып, 16 көпқабатты тұрғын үйді орталық жылу жүйесіне қосуға мүмкіндік жасалды. Қазір оның 11-і орталық жылуға қосылған. Қалған бес үйді де жылу жүйесіне қосуға қажетті техникалық жағдай толық қамтамасыз етілген.
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жазда басталған. Содан бері мамандар жалпы ұзындығы 1992 метр жылу құбырын тартып, монтаждау жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ құбырлар жылу оқшаулағыш материалмен қапталған. Бұл жылу шығынын азайтып, қыс мезгілінде жүйенің тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Қажымұхамед Әкімжановтың айтуынша, бүгінде барлық 16 үйді орталық жылу жүйесіне қосуға техникалық мүмкіндік жасалған.
— Жұмыстар жаз мезгілінен бастап кезең-кезеңімен жүргізілді. Жылу желілерін тартып, қажетті монтаждау жұмыстарын аяқтадық, құбырларды жылу оқшаулағышпен қаптадық. Қазіргі уақытта 11 үй орталық жылу жүйесіне қосылды. Қалған бес үй үшін де барлық техникалық жағдай жасалған. Енді оларды жылу жүйесіне қосу тұрғындардың өз шешіміне байланысты, – деп түсіндірді Қажымұхамед Әкімжанов.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









