МҮГЕДЕКТІК МЕРЗІМІН ЕСЕПКЕ АЛУ ТӘРТІБІ

    Негізгі білу қажет нәрселер?

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – Премьер-Министр орынбасарының 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының №14 параграфына сәйкес, қайта куәландыру мерзімін өткізіп алған жағдайда, егер қайта медициналық-әлеуметтік сараптама кезінде мүгедектік және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі қайтадан белгіленсе, өткізіп алынған кезең мүгедектік мерзіміне есептелуі мүмкін.

    Өткізіп алынған мерзім қандай жағдайларда есепке алынады?

    🔹 1 айға дейін.

    Егер қайта куәландыру мерзімі бұған дейін тағайындалған қайта куәландыру күнінен бастап бір айдан аспайтын уақытқа өткізіп алынса.

    🔹 3 жылға дейін.

    Егер қайта куәландыру мерзімі дәлелді себеппен — мысалы, ұзақ уақыт бойы стационарда үздіксіз емделу салдарынан келу мүмкін болмағандықтан өткізіп алынса.

    🔹 1 жылға дейін.

    Егер қайта куәландыру мерзімі тұлғаны әрекетке қабілетсіз деп тану және қорғаншы тағайындау процедураларының жүргізілуіне байланысты өткізіп алынса.

    Есте сақтау маңызды.

    Қайта куәландырудан белгіленген мерзімде өту қажет. Егер құжаттар ақпараттық жүйеге түспесе немесе азамат белгіленген мерзімде қайта куәландыруға келмесе, өткізіп алынған кезеңді есепке алу мәселесі Қағидаларға сәйкес қарастырылады.

    Бұл ретте мерзімді есепке алу барлық жағдайда бірдей автоматты түрде жүрмейді — Қағидаларда көзделген негіздердің болуы және мүгедектіктің және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің қайтадан белгіленуі қажет.

    Кеңес: мүгедектіктің аяқталу күнін мұқият тексеріңіз және келесі қайта куәландыру күнін алдын ала нақтылап алыңыз.

    Қайта куәландыруды кейінге қалдырмаңыз!

    Мүгедектік мерзімінің қолданылуын қадағалаңыз және қажетті тексерулерден уақытылы өтіп тұрыңыз.

    Өз құқықтарыңызды білу тиісті әлеуметтік қорғау шараларын уақытылы алуға көмектеседі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары